Әкімшінің жұмыс станциясы

Kaspersky Security Center Web Console Server сервері орнатылған құрылғылар әкімшілердің жұмыс орындары деп аталады. Осы құрылғылардан әкімшілер клиент құрылғыларында орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын қашықтан орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыра алады.

Әкімшінің жұмыс станцияларының саны шектелмейді. Әрбір әкімші жұмыс станциясынан желідегі бірнеше Басқару серверлерінің басқару топтарын бірден басқаруға болады. Әкімшінің жұмыс станциясын кез келген иерархия деңгейіндегі Басқару серверіне (физикалық және виртуалды) қосуға болады.

Әкімшінің жұмыс станциясын клиент құрылғысы ретінде басқару тобы құрамына қосуға болады.

Кез келген Сервердің басқару топтарында бір құрылғы бір уақытта Басқару серверінің клиенті де, Басқару сервері де және әкімшінің жұмыс станциясы да бола алады.

Басына оралу