Басқару топтарын жылжыту

Салынған басқару топтарын топтар иерархиясының ішінде жылжытуға болады.

Басқару тобы барлық салынған топтармен, қосалқы Басқару серверлерімен, құрылғылармен, топтық саясаттармен және тапсырмалармен бірге жылжытылады. Оған басқару топтарының иерархиясындағы жаңа жайғасымына сәйкес келетін барлық параметрлер қолданылады.

Топ атауы иерархияның бір деңгейінде бірегей болуы керек. Сіз басқару тобын жылжытып жатқан қалтада ұқсас атауы бар топ бұрыннан болса, жылжытпас бұрын топтың атауын өзгерту керек. Жылжытылатын топтың атауын алдын ала өзгертпеген болсаңыз, жылжыту кезінде оның атауына автоматты түрде түр (<реттік нөмір>) жалғауы, мысалы: (1), (2) қосылады.

Басқарылатын құрылғылар тобының атын өзгерту және жылжыту мүмкін емес.

Басқару тобын басқару топтары иерархиясының басқа деңгейіне жылжыту үшін:

  1. Негізгі мәзірде Активтер (құрылғылар) → Топтардың иерархиясы тармағына өтіп, жылжытқыңыз келетін басқару тобының жанындағы құсбелгіні таңдаңыз.
  2. Құралдар тақтасындағы Жылжыту түймесін басыңыз.
  3. Ашылған терезеде басқару тобын қайда жылжытқыңыз келетінін таңдап, Жылжыту түймесін басыңыз.

Терезе жабылады және басқару тобы топтар иерархиясының басқа деңгейіне жылжытылады.

Басына оралу