Клиенттің желісінде орналастырылған құрылғылар Басқару серверіне интернет арқылы жүгіне алуы үшін, Басқару серверінің келесі порттарын қолжетімді ету керек:
13000 TCP – Басқару серверінің TLS порты, осы портқа клиент желісінде орналастырылған Желілік агенттер қосылады
8061 TCP – автономды пакеттерді Басқару консолінің құралдарымен жариялау үшін қолданылатын HTTPS порты
8060 TCP – автономды пакеттерді Басқару консолінің құралдарымен жариялау үшін қолданылатын HTTPS порты
13292 TCP – бұл TLS порты тек ұялы құрылғыларды басқару қажет болғанда ғана керек
Клиенттерге өз желіңізді Kaspersky Security Center Web Console арқылы басқару бойынша базалық мүмкіндіктерді ұсыну қажет болса, Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінің 8080 TCP портын (HTTPS-портты) ашу керек.