Осы нұсқа таңдалған болса, Желілік агент <Диск>:\Program Files\Kaspersky Lab\NetworkAgent қалтасына орнатылады. Мұндай қалта болмаса, ол автоматты түрде жасалады.
Желілік агент басқарылатын құрылғыға орнатылғаннан кейін, құрамдасты қажетті құқықтарсыз жою немесе өзгерту мүмкін емес. Желілік агенттің жұмысын тоқтату мүмкін емес. Бұл параметр домен контроллерлеріне әсер етпейді.
Жергілікті әкімші құқықтарымен басқарылатын жұмыс станцияларында Желілік агентті қорғау үшін осы параметрді қосыңыз.
Бұл опция қосулы болса, басқару серверіне, желілік агентке, Kaspersky Security Center Web Console консоліне және iOS MDM серверіне жүктеп алынған барлық жаңарту мен патч автоматты түрде орнатылады.
Бұл параметр өшірулі болса, жүктелген жаңартулар мен патчтар, олардың күйін Расталды деп өзгерткеннен кейін ғана орнатылатын болады. Анықталмаған күйі бар жаңартулар мен патчтар орнатылмайды.
Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
Қосылым бөлімі
Бұл бөлімде Желілік агенттің Басқару серверіне қосылу параметрлерін конфигурациялауға болады. Қосылымды орнату үшін SSL протоколын немесе UDP протоколын пайдалануға болады. Қосылымды орнату үшін келесі параметрлерді көрсетіңіз:
Бұл опция қосылса, желілік агенттің басқару серверіне қол жеткізуін авторизациялау үшін Сертификат файлын таңдау түймесін басқан кезде көрсетуге болатын сертификат файлы пайдаланылады.
Бұл опция өшірулі болса, желілік агент Басқару серверінің мекенжайы өрісінде көрсетілген мекенжайға бірінші рет қосылған кезде, сертификат файлы басқару серверінен алынады.
Параметрді өшіру ұсынылмайды, себебі Серверге қосылған кезде Желілік агентпен Басқару серверінің сертификатын автоматты түрде алу қауіпсіз емес болып табылады.
Егер бұл параметр қосулы болса, Желілік агентінің Басқару серверіне қосылуы UDP порты арқылы жүзеге асырылады. Бұл, клиент құрылғыларын басқаруға және олар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
UDP порты Желілік агент орнатылған басқарылатын құрылғыларда ашық болуы керек. Сондықтан бұл параметрді өшірмеу ұсынылады.
Бұл параметр қосылса, прокси сервер параметрлерін көрсетіңіз:
Прокси-сервердің мекенжайы
Прокси-сервердің порты
Егер сіздің прокси серверіңіз аутентификацияны қажет етсе, Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама параметрін қосыңыз және прокси серверге қосылым орнатылған тіркелгінің Пайдаланушы аты мен Құпиясөз көрсетіңіз. Прокси-сервердегі түпнұсқалық растама үшін ғана талап етілетін ең аз құқықтарға ие есептік жазба деректерін беру ұсынылады.
Бұл опция қосулы болса, басқару серверін қосу, онымен байланыс орнату және деректерді тасымалдау кезінде желілік агенттегі деректерді қорғау үшін демилитаризацияланған аймақта (DMZ) желілік агент қосылым шлюзі ретінде қолданылады.
Бұл опция қосулы болса, басқару серверінің бірнеше қосылымын азайту үшін қосылым шлюзін пайдалану арқылы басқару серверінің қосылымы орнатылады. Бұл жағдайда қосылым шлюзі ретінде қолданылатын құрылғының мекенжайын Қосылым шлюзінің мекенжайы өрісіне енгізіңіз.
Желіде виртуалды машиналар болса, параметрлердің Виртуалды машина тобында Virtual Desktop Infrastructure (VDI) қосылымын конфигурациялауға болады:
Тегтер бөлімінде клиент құрылғыларына Желілік агентті орнатқаннан кейін, оларға қосуға болатын кілт сөздер (тегтер) тізімі көрсетіледі. Сіз тізімдегі тегтерді қоса аласыз және жоя аласыз, сондай-ақ атауын өзгерте аласыз.
Тегтің жанында жалауша қойылған болса, онда тег, басқарылатын құрылғыларға Желілік агентті орнату кезінде автоматты түрде қосылады.
Тегтің жанындағы жалауша алынып тасталса, онда тег, басқарылатын құрылғыларға Желілік агентті орнату кезінде автоматты түрде қосылмайды. Бұл тегті құрылғыларға қолмен қосуға болады.
Тегті тізімнен алып тастаған кезде, тег қосылған барлық құрылғылардан автоматты түрде алынады.
Автоматты тэг енгізу ережелері Linux және macOS жүйесімен жұмыс істейтін құрылғыларға арналған Желілік агенттің орнату пакеттеріне қолданылмайды.
Автономды пакеттер қойындысы
Бұл қойындыда келесі әрекеттерді орындауға болады:
Жариялау түймесін пайдаланып, Веб-серверде жеке орнату пакетін жариялау. Жарияланған жеке орнату пакетін, жеке орнату пакетіне сілтеме жіберген пайдаланушыларға жүктеп алуға болады.
Жариялауды болдырмау түймесін басу арқылы Веб-серверде жеке орнату пакетін жариялаудан бас тарту. Жарияланбаған жеке орнату пакетін тек сізге және басқа әкімшілерге жүктеуге болады.
Жүктеп алу түймесін басу арқылы құрылғыға жеке орнату пакетін жүктеп алу.
Электрондық пошта арқылы жіберу түймесін басу арқылы офлайн жеке пакетіне сілтемесі бар электрондық поштаны жіберу.
Жою түймесін басып, жеке орнату пакетін жою.
Тексерістер журналы қойындысы
Бұл қойындыда орнату пакетінің тексерістер журналын қарап шығуға болады. Сіз тексерулерді салыстыра аласыз, тексерулерді қарап шыға аласыз, тексерулерді файлға сақтай аласыз, тексерулердің сипаттамасын қоса аласыз және өзгерте аласыз.