Басқару серверіне қорғалған қосылым

Клиент құрылғылары мен басқару сервері арасындағы дерек алмасу TLS (Transport Layer Security) протоколы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. TLS протоколы, қосылған кезде өзара әрекеттесетін тараптарды анықтауға, жіберілетін деректерді шифрлауға және оларды тасымалдау кезінде өзгерістерден қорғауға мүмкіндік береді. TLS протоколының негізінде өзара әрекеттесетін тараптардың түпнұсқалық растамасы және жалпыға ортақ кілт әдісі бойынша деректерді шифрлау жатыр.

Клиент құрылғысын Басқару серверіне алғаш рет қосқан кезде құрылғыдағы Желілік агент Басқару сервері сертификатының көшірмесін алады және оны жергілікті түрде сақтайды.

Желілік агентті құрылғыға жергілікті түрде орнатқан кезде Басқару сервері сертификатын қолмен таңдауға болады.

Сертификаттың алынған көшірмесі негізінде Басқару серверінің құқықтары мен өкілеттіктері келесі қосылымдар кезінде тексеріледі.

Болашақта, құрылғыны Басқару серверіне қосқан сайын Желілік агент Басқару серверінің сертификатын сұрайды және оны жергілікті көшірмемен салыстырады. Олар бір-біріне сәйкес келмесе, Басқару серверіне құрылғыға қатынасуға рұқсат етілмейді.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқару серверіне қосылу оқиғасының журналын реттеу

Басына оралу