Егер ақау нәтижесінде Басқару сервері бар құрылғы істен шықса, келесі әрекеттерді орындау ұсынылады:
Жаңа басқару серверіне бірдей мекенжай тағайындалуы керек: DNS атауы немесе статикалық IP мекенжайы (желілік агент орналастырылған кезде қайсысы орнатылғанына байланысты).
Сол немесе барынша жаңа нұсқада, сондай түрдегі ДҚБЖ қолдана отырып Басқару серверін орнату. Сол немесе барынша жаңа патчы бар Сервердің нұсқасын немесе барынша жаңа нұсқаны орнатуға болады. Орнатқан соң шебердің көмегімен бастапқы конфигурациялауды орындамаған жөн.