Дискідегі орынды есептеу
/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/ қалтасы үшін қажетті басқару сервері дискісіндегі орынды келесі формула арқылы шамамен есептеуге болады:
(724 * C + 0.15 * E + 0.17 * A), КБ
мұндағы
- "C" – құрылғылар саны.
- "E" – сақталатын оқиғалар саны.
- "A" – Active Directory нысандарының жиынтық саны:
- Құрылғылардың есептік жазбалары
- Пайдаланушы есептік жазбалары
- Қауіпсіздік топтарының есептік жазбалары
- Active Directory бөлімшелері
Active Directory сканерлеу өшірулі болса, онда "А" нөлге тең болып саналуы керек.
Басына оралу