Саясатты жасау

Сіз саясаттар жасай аласыз; қолданыстағы саясаттарды өзгертуге немесе жоюға да болады.

Саясат жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар) → Саясаттар және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Саясат жасау қажет басқару тобын таңдаңыз:
    • Түбірлік топ үшін.

      Бұл жағдайда келесі қадамға өтуге болады.

    • Ішкі топ үшін:
      1. Беттің жоғарғы жағындағы Ауқымды өзгерту түймесін басыңыз.
      2. Ашылған терезеде қажетті ішкі топтың атын басыңыз.

      Таңдалған топ жолы беттің жоғарғы жағында көрсетіледі. Қажет болса, топқа өту үшін басқару тобының атауы бар сілтемені басуға болады. Әдепкісінше жолдағы соңғы сілтеме белсенді емес.

    Саясат жасау қажет басқару тобын таңдау:

    Саясаттар тізімі

  3. Қосу түймесін басыңыз.

    Бағдарламаны таңдаңыз терезесі ашылады.

    Жаңа саясат жасалып жатқан қолданбаны таңдау.

    Жаңа саясат жасау

  4. Саясат жасауды қажет ететін бағдарламаны таңдаңыз.
  5. Kaspersky Security Network жүйесіне сіз саясат жасап жатқан Kaspersky қолданбасы қолдау көрсетсе, сізден KSN мәлімдемесін қабылдау сұралады. Kaspersky Security Network пайдаланғыңыз келсе, KSN мәлімдемесін қабылдаңыз.

    Жаңа саясат жасау. KSN мәлімдемесін қабылдау терезесі.

    KSN мәлімдемесін қабылдау

  6. Келесі түймесін басыңыз.

    Жалпы қойыншасында жаңа саясат параметрлері терезесі ашылады. Қаласаңыз, әдепкі бойынша белгіленген келесі саясат параметрерін өзгерте аласыз: атауы, күйі және иелену.

    Жаңа саясат жасау терезесінің "Жалпы" қойындысы.

    Жаңа саясат параметрлері терезесі

  7. Бағдарлама параметрлері қойыншасын таңдаңыз.

    Не болмаса, шығу үшін Сақтау түймесін басыңыз. Саясат саясаттар тізіміне пайда болып, сіз оның сипаттарын кейінірек өзгерте аласыз.

  8. Бағдарлама параметрлері қойыншасының сол жағында, сізге қажетті бөлімді таңдап, нәтижелер тақтасында саясат параметрлерін өзгертіңіз. Сіз әрбір бөлімдегі саясат параметрлерін өзгерте аласыз.

    Параметрлер жиынтығы, сіз саясат жасап жатқан бағдарламаға байланысты. Толығырақ ақпарат келесі дереккөздерде келтірілген:

    Басқа қауіпсіздік бағдарламаларының параметрлері туралы толығырақ білу үшін тиісті бағдарламаның құжаттамасын қараңыз.

    Өзгерістерді болдырмау үшін Бас тарту түймесін басуға болады.

  9. Саясат өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, қосылған саясат саясаттар тізімінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Kaspersky бағдарламалық жасақтамасын орналастыру

Басына оралу