Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасында KLAdmin құпиясөзін пайдалану
KLAdmin есептік жазбасы — Kaspersky Endpoint Security for Windows қолданбасына шексіз кіру рұқсаты бар әкімші есептік жазбасы. KLAdmin есептік жазбасы, қолданбаны жоюды қоса алғанда, Kaspersky Endpoint Security for Windows қолданбасында құпиясөзбен қорғалған кез келген әрекетті орындауға құқылы. KLAdmin есептік жазбасының құқықтарын қайтарып алу мүмкін емес. KLAdmin есептік жазбасы үшін құпиясөзді Kaspersky Endpoint Security for Windows саясат сипаттарында орнатуға болады. Kaspersky Endpoint Security for Windows әкімшісі KLAdmin есептік жазбасына арналған құпиясөзді қауіпсіз пайдалануға толықтай жауапты. Ұйымыңыздың жеке құпиясөз саясаты болса, сол саясаттағы нұсқауларды орындаңыз. Құпиясөз неғұрлым ұзын және күрделі болса, соғұрлым ол қауіпсіз болады.
Ұйымыңызды KLAdmin құпиясөзін ұрлаудан қорғау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Есептік жазба атын немесе атының бір бөлігін құпиясөз ретінде пайдаланбаңыз.
Кемінде 10 таңбадан тұратын құпиясөз жасаңыз.
Әртүрлі санаттағы таңбаларды қамтитын күрделі құпиясөз орнатыңыз: кіші және бас әріптер, сандар және арнайы таңбалар.
Құпиясөздің минималды жарамдылық мерзімін 90 күнге орнатыңыз. Жаңа құпиясөз соңғы 24 құпиясөздің ешқайсысымен бірдей болмауы керек.