Kaspersky Security Center Web Console басты бетін өзгерту

Басты бет Kaspersky Security Center Web Console жүйесіне кіргеннен кейін көрсетіледі.

Әдепкісінше Лездік сілтемелер бөлімі басты бет ретінде орнатылады. Қажет болса, басты бетті өзгертуге болады.

Басты бетті өзгерту үшін:

  1. Лездік сілтемелер бөлімінде басты бет ретінде орнатқыңыз келген элементке тінтуір курсорын апарыңыз.
  2. Басты бет () белгішесі көрсетіледі, оны басыңыз.

Басты бет өзгертіледі, экранда тиісті хабар көрсетіледі және басты бет ретінде таңдалған элемент басты бет () белгішесімен белгіленеді.

Marketplace және Параметрлер бөлімдерін басты бет ретінде орнату мүмкін емес.

Басына оралу