Жабдықты түгендеу үшін қолданылатын жабдықтар тізімі (Операциялар → Қоймалар → Жабдық) екі тәсілмен толтырылады: автоматты түрде және қолмен. Әрбір желі сауалнамасынан кейін барлық анықталған құрылғы тізімге автоматты түрде қосылады; дегенмен желіде сауалнама өткізгіңіз келмесе, құрылғыларды қолмен қосуға болады. Тізімге маршрутизаторлар, принтерлер немесе құрылғы жабдықтары сияқты басқа құрылғыларды қолмен қосуға болады.
Құрылғының сипаттарында құрылғылар туралы толық ақпаратты көруге және өңдеуге болады.
Жабдықтар тізімінде келесі құрылғы түрлері болуы мүмкін:
Әкімші анықталған құрылғыларға Корпоративтік кластың аппараттық жасақтамасы белгісін беруі мүмкін. Бұл белгіні құрылғының сипаттарында қолмен тағайындауға немесе оны автоматты түрде тағайындау критерийлерін белгілеуге болады. Бұл жағдайда, Корпоративтік кластың аппараттық жасақтамасы белгісі құрылғының түрі бойынша белгіленеді.
Kaspersky Security Center жабдықты шығынға жазуға мүмкіндік береді. Ол үшін құрылғы сипаттарында Шығынға жазылды опциясын таңдаңыз. Мұндай құрылғы жабдықтар тізімінде көрсетілмейді.
Әкімші Жабдық қалтасындағы бағдарламаланатын логикалық контроллерлер (БЛК) тізімімен жұмыс істей алады. БЛК тізімдерімен жұмыс істеу туралы толық ақпарат Kaspersky Industrial Cyber Security for Nodes пайдаланушы нұсқаулығында келтірілген.
Басына оралу