Басқару сервері және Web Console қызметтері үшін жасалған Linux пайдаланушы есептік жазбалары және қауіпсіздік топтары

Бұл мақалада юасқару сервері мен Web Console орнатқан кезде жасалатын пайдаланушы есептік жазбалары мен топтары берілген.

Басқару серверін немесе Web Console-ді тыныш режимде орнатқан кезде, жауап файлы айнымалыларды пайдаланады.

Сипаттамасы

Айнымалы

Әдепкі мән

Қызметтер үшін пайдаланылатын қауіпсіздік тобы.

KLSRV_UNATT_KLADMINSGROUP

kladmins

Басқару сервері қызметін іске қосуға арналған есептік жазба.

KLSRV_UNATT_KLSRVUSER

ksc

Басқа қызметтерді іске қосуға арналған есептік жазба.

KLSRV_UNATT_KLSVCUSER

rightless

Kaspersky Security Center Web Console қызметі іске қосылған артықшылықсыз есептік жазба.

webConsoleAccount

user_management_%uid%

Kaspersky Security Center Web Console қызметі іске қосылған қызметтік есептік жазба.

serviceWebConsoleAccount

user_svc_nodejs_%uid%

Kaspersky Security Center Web Console Management Service іске қосылған артықшылықты есептік жазба.

managementServiceAccount

user_nodejs_%uid%

Kaspersky Security Center Product Plugins қызметі іске қосылған есептік жазба.

pluginAccount

user_web_plugin_%uid%

Kaspersky Security Center Web Console NATS қызметі іске қосылған есептік жазба.

natsMessageQueueAccount

user_message_queue_%uid%

Дерекқорға кіру рұқсаты бар есептік жазба.

KLSRV_UNATT_DBMS_LOGIN

-

Kladmins қауіпсіздік тобы мен ksc және құқықсыз есептік жазбалар ДҚБЖ сервері мен ақауларға төзімді кластер түйіндері арасында синхрондалады (ортақ UID және GID).

Басына оралу