Kaspersky Security Center Web Console жаңарту

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұл бөлімде Kaspersky Security Center Web Console Server серверін (бұдан әрі Kaspersky Security Center Web Console деп те аталады) қалай Linux операциялық жүйелері бар құрылғыларға жаңартуға болатыны сипатталған.

Astra Linux жүйесінде Kaspersky Security Center Web Console консолін жабық бағдарламалық орта режимінде жаңарту керек болса, Astra Linux нұсқауларын орындаңыз.

Құрылғыңызда орнатылған Linux дистрибутивіне сәйкес келетін келесі орнату файлдарының бірін пайдаланыңыз:

Орнату файлын Kaspersky сайтынан жүктеу арқылы аласыз.

Kaspersky Security Center Web Console жаңарту үшін:

  1. Kaspersky Security Center Web Console жаңартқыңыз келетін құрылғыда қолдау көрсетілетін Linux дистрибутивтерінің бірі жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.

  2. Лицензиялық келісімді оқыңыз және қабылдаңыз. Kaspersky Security Center Linux дистрибутиві құрамына Лицензиялық келісім мәтіні бар TXT файлы кірмесе, бұл файлды Kaspersky сайтынан жүктеп алуға болады. Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдамасаңыз, орнату файлын пайдаланып Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін жаңартпаңыз.
  3. Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату алдында өзіңіз дайындаған жауап файлын пайдаланыңыз. Жауап файлының атауы — ksc-web-console-setup.json, ал файл орны — /etc/ksc-web-console-setup.json.

    Kaspersky Security Center Web Console орнату кезінде webConsoleAccount, managementServiceAccount, serviceWebConsoleAccount, pluginAccount, messageQueueAccount және natsMessageQueueAccount параметрлерінің мәндерін көрсетсеңіз, осы параметрлердің барлығы жауап файлында көрсетілгенін тексеріңіз.

    Жауап файлы жоқ болса, Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін Басқару серверіне қосу параметрлерін қамтитын жаңа жауап файлын жасаңыз. Файлды ksc-web-console-setup.json деп атаңыз және оны /etc директориясында орналастырыңыз.

    Параметрлердің ең аз жинағын қамтитын жауап файлының мысалы

    Kaspersky Security Center Linux ақауларға төзімді кластерінің түйіндерінде орнатылған Басқару серверіне қосылған Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі қолданбасын жаңартқыңыз келсе, Kaspersky Security Center Linux ақауларға төзімді кластеріне Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне қосылуға рұқсат беру үшін жауап файлында сенімді орнату параметрін көрсетіңіз.

    trusted орнату параметрінің құрамдастары

    Kaspersky Security Center Web Console қолданбасын бірдей .rpm орнату файлының көмегімен жаңарту мүмкін емес. Егер сіз жауаптар файлының параметрлерін өзгерткіңіз келсе және осы файлды қолданбаны қайта орнату үшін пайдаланғыңыз келсе, алдымен қолданбаны жойып, содан кейін оны жаңа жауаптар файлымен қайта орнатуыңыз қажет.

  4. root артықшылықты есептік жазбаның астында Linux дистрибутивіңізге байланысты .deb немесе .rpm кеңейтімі бар орнату файлын іске қосу үшін пәрмен жолын пайдаланыңыз.

    Kaspersky Security Center Web Console алдыңғы нұсқасын жаңарту үшін келесі пәрмендердің бірін орындаңыз:

    • RPM негізіндегі операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін:

      sudo yum install ksc-web-console-<құрастыру_нөмірі>.x86_64.rpm

    • Debian негізіндегі операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін:

      sudo apt-get install ksc-web-console-<құрастыру_нөмірі>.x86_64.deb

    Орнату файлын ашу басталады. Орнату аяқталғанша күте тұрыңыз.

  5. Келесі пәрменді орындау арқылы Kaspersky Security Center Web Console барлық қызметтерін қайта іске қосыңыз:

    sudo systemctl restart KSC*

Жаңарту аяқталғаннан кейін, сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ашып, жүйеге кіру үшін браузерді пайдалана аласыз.

Басына оралу