Windows құрылғысын қашықтан орнатуға дайындау. riprep утилитасы
Windows құрылғысын қашықтан орнатуға дайындау. riprep утилитасы
Клиент құрылғысына бағдарламаны қашықтан орнату келесі себептерге байланысты қатемен аяқталуы мүмкін:
- Тапсырма бұған дейін осы құрылғыда сәтті орындалды. Бұл жағдайда, оны қайта орындау қажет емес.
- Тапсырманы іске қосу кезінде құрылғы өшірілді. Бұл жағдайда, құрылғыны қосып, тапсырманы қайтадан іске қосу қажет.
- Клиент құрылғысында орнатылған Басқару сервері мен Желілік агент арасында байланыс жоқ. Мәселенің себебін анықтау үшін клиент құрылғысын қашықтан диагностикалау утилитасын (klactgui) пайдалануыңызға болады.
- Құрылғыда Желілік агент орнатылмаған болса, бағдарламаны қашықтан орнату кезінде келесі мәселелер туындауы мүмкін:
- клиент құрылғысында Файлдарға қарапайым жалпы қатынасты өшіру орнатылған;
- клиент құрылғысында Server қызметі жұмыс істемейді;
- клиент құрылғысында қажетті порттар жабық;
- тапсырма орындалып жатқан есептік жазбаның құқықтары жеткіліксіз.
Бағдарламаны Желілік агенті орнатылмаған клиент құрылғысына орнату кезінде туындаған мәселелерді шешу үшін, құрылғыны қашықтан орнатуға дайындау утилитасын (riprep) пайдалануыңызға болады.
Windows басқаруындағы құрылғыны қашықтан орнатуға дайындау үшін riprep утилитасын пайдаланыңыз. Утилитаны жүктеп алу үшін мына сілтемені басыңыз: https://media.kaspersky.com/utilities/CorporateUtilities/KSC/riprep.exe
Құрылғыны қашықтан орнатуға дайындау утилитасы Microsoft Windows XP Home Edition операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істемейді.
Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.