Осы нұсқаулық туралы

2024 ж. 16 мамыр

ID 148071

Kaspersky Security Center Linux өлшеу нұсқаулығы (сондай-ақ, бұдан әрі Kaspersky Security Center), Kaspersky Security Center орнатуды және басқаруды жүзеге асыратын мамандарға және Kaspersky Security Center пайдаланатын ұйымдарға техникалық қолдау көрсететін мамандарға арналған.

Барлық ұсыныстар мен есептеулер, Kaspersky Security Center "Лаборатория Касперского" бағдарламалық жасақтамасы орнатылған құрылғылардың қорғанысын басқаратын желілер үшін келтірілген.

Әртүрлі жұмыс шарттарында оңтайлы өнімділікке қол жеткізу және оны сақтау үшін, желідегі құрылғылардың санын, желі топологиясын және өзіңізге қажетті Kaspersky Security Center функциялар жиынтығын ескеруіңіз қажет.

Нұсқаулықта келесі ақпарат келтірілген:

  • Kaspersky Security Center шектеулері
  • Kaspersky Security Center өзекті түйіндері – Басқару серверлері мен тарату нүктелері үшін есептеу туралы:
    • басқару серверлері мен тарату нүктелеріне қойылатын аппараттық талаптар туралы;
    • басқару серверлерінің саны мен иерархиясын есептеу туралы;
    • тарату нүктелерінің саны мен конфигурациясын есептеу туралы;
  • желідегі құрылғылар санына байланысты, дерекқордағы оқиғаларды сақтау параметрлерін конфигурациялау туралы;
  • Kaspersky Security Center оңтайлы өнімділігін қамтамасыз ету үшін кейбір тапсырмалардың параметрлерін конфигурациялау туралы;
  • Kaspersky Security Center Басқару сервері мен әрбір қорғалатын құрылғы арасындағы трафикті (желіге түсетін жүктемені) тұтыну туралы.

Бұл нұсқаулыққа келесі жағдайларда жүгіну ұсынылады:

  • Kaspersky Security Center орнату алдында ресурстарды жоспарлау кезінде;
  • Kaspersky Security Center орналастырылған желі өлшемінің елеулі өзгерістерін жоспарлау кезінде;
  • желінің шектеулі сегментінде (сынақ ортасы) Kaspersky Security Center-ді пайдаланудан корпоративтік желіде Kaspersky Security Center-ді толық ауқымды түрде орналастыруға көшкен кезде;
  • Kaspersky Security Center қолданылатын функциялары жиынтығына өзгерістер енгізілген кезде.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.