ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге арналған есептік жазбалар

2024 ж. 16 мамыр

ID 156275

Басқару серверін орнату және онымен жұмыс істеу үшін ішкі ДҚБЖ ішкі есептік жазбасы қажет. Бұл есептік жазба ДҚБЖ қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осындай есептік жазба белгілі бір құқықтарды талап етеді. Қажетті құқықтардың жиынтығы келесі критерийлерге байланысты болады:

  • ДҚБЖ түрі:
    • MySQL немесе MariaDB.
    • PostgreSQL немесе Postgres Pro.
  • Басқару сервері дерекқорын құру тәсілі:
    • Автоматты түрде. Басқару серверін орнатқан кезде Басқару серверін (инсталляторды) орнату бағдарламасы көмегімен Басқару серверінің дерекқорын (бұдан әрі Сервер дерекқоры деп те аталады) автоматты түрде жасауға болады.
    • Қолмен. Бос дерекқорды құру үшін үшінші тарап бағдарламасын (мысалы, SQL Server Management Studio) немесе скриптті пайдалануға болады. Содан соң, Басқару серверін орнату кезінде осы дерекқорды Сервердің дерекқоры ретінде көрсете аласыз.

Есептік жазбаларға құқықтар мен рұқсаттар беру кезінде ең аз артықшылықтар қағидатын ұстаныңыз. Бұл, берілген құқықтар тек қажетті әрекеттерді орындау үшін жеткілікті екенін білдіреді.

Төмендегі кестелерде, Басқару серверін орнатпас бұрын және іске қоспас бұрын есептік жазбаларға ұсынылуы тиісті ДҚБЖ-не арналған құқықтар туралы ақпарат бар.

MySQL және MariaDB

ДҚБЖ ретінде MySQL немесе MariaDB таңдасаңыз, ДҚБЖ кіру үшін ДҚБЖ ішкі есептік жазбасын жасаңыз, содан кейін осы есептік жазбаға қажетті құқықтарды беріңіз. Дерекқорды құру тәсілі құқықтар жиынтығына әсер етпейтінін ескеріңіз. Қажетті құқықтар төменде көрсетілген:

  • Артықшылықтар схемасы:
    • Басқару сервері дерекқоры: ALL (GRANT OPTION қоспағанда).
    • Жүйе схемалары (mysql және sys): SELECT, SHOW VIEW.
    • Сақталатын sys.table_exists процедурасы: EXECUTE (MariaDB 10.5 немесе одан бұрынғы нұсқасын ДҚБЖ ретінде пайдалансаңыз, сізге EXECUTE құқығын берудің қажеті жоқ).
  • Барлық схемаларға арналған жаһандық артықшылықтар: PROCESS, SUPER.

Есептік жазба құқықтарын конфигурациялау туралы толығырақ MySQL және MariaDB-мен жұмыс істеу үшін есептік жазбаларды конфигурациялау бөлімінен қараңыз.

Басқару сервері деректерін қалпына келтіру құқықтарын конфигурациялау

ДҚБЖ ішкі есептік жазбасы үшін берген құқықтарыңыз сақтық көшірмеден Басқару сервері деректерін қалпына келтіруге жеткілікті.

PostgreSQL немесе Postgres Pro

PostgreSQL немесе Postgres Pro жүйесін ДҚБЖ ретінде таңдасаңыз, Postgres пайдаланушысын (әдепкі бойынша Postgres рөлін) қолдана аласыз немесе ДҚБЖ-не қатынасу үшін Postgres рөлін (бұдан әрі рөл деп те аталады) жасай аласыз. Сервер дерекқорын жасау тәсіліне байланысты, төмендегі кестеде сипатталғандай рөлге қажетті құқықтарды беріңіз. Рөл құқықтарын теңшеу туралы толығырақ PostgreSQL немесе Postgres Pro жүйесімен жұмыс істеу үшін ДҚБЖ есептік жазбасын теңшеу бөлімін қараңыз.

Postgres рөлі құқықтары

Дерекқорды автоматты түрде жасау

Дерекқорды қолмен жасау

Postgres пайдаланушысына қосымша құқықтар қажет емес.

Жаңа рөлге арналған құқықтар: CREATEDB.

Жаңа рөл үшін:

  • Басқару сервері дерекқорына қатынасу құқықтары: ALL.
  • Жалпыға ортақ схемадағы барлық кестелерге қатынасу құқықтары: ALL.
  • Жалпыға ортақ схемадағы барлық бірізділіктерге қатынасу құқықтары: ALL.

Басқару сервері деректерін қалпына келтіру құқықтарын конфигурациялау

Басқару серверінің деректерін сақтық көшірмеден қалпына келтіру үшін, ДҚБЖ қол жеткізу үшін пайдаланылатын Postgres рөлі Басқару серверінің дерекқорына иелік құқықтарына ие болуы керек.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.