Құрылғы тегтері туралы

2024 ж. 16 мамыр

ID 175848

Kaspersky Security Center Linux құрылғыларға тегтерді тағайындауға мүмкіндік береді. Тег дегеніміз – құрылғыларды топтау, сипаттау, іздеу үшін пайдалануға болатын құрылғы идентификаторы. Құрылғыларға тағайындалған тегтер, құрылғылар іріктемесін жасау, құрылғыларды іздеу және құрылғыларды басқару топтары бойынша бөлу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Тегтерді құрылғыларға қолмен немесе автоматты түрде тағайындауға болады. Бөлек құрылғыларды белгілеу қажет болса, тегтерді қолмен тағайындауға болады. Тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгіленген тегтерді тағайындау ережелеріне сәйкес Kaspersky Security Center Linux тарапынан орындалады.

Құрылғыларға тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгілі бір ережелерді орындау кезінде жүзеге асырылады. Әрбір тегке бөлек ереже сай келеді. Ережелер құрылғының желілік сипаттарына, операциялық жүйеге, құрылғыда орнатылған бағдарламаларға және құрылғының басқа да сипаттарына қатысты қолданылуы мүмкін. Мысалы, CentOS операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға [CentOS] тегін тағайындайтын ережені конфигурациялауыңызға болады. Содан соң, CentOS операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін барлық құрылғыларды таңдау және оларға тапсырма тағайындау үшін, осы тегті құрылғы таңдауларын жасау кезінде қолдануға болады.

Тег келесі жағдайларда құрылғыдан автоматты түрде жойылады:

  • Құрылғы тегті белгілеу ережелерінің шарттарын қанағаттандыруды тоқтатады.
  • Тегті белгілеу ережесі өшірулі немесе қосулы.

Әрбір Басқару серверіне арналған тегтер мен ережелер тізімдері барлық Басқару серверлері, соның ішінде негізгі Басқару сервері және қосалқы виртуалды Басқару серверлері үшін тәуелсіз болып саналады. Ереже тек өзі жасалған Басқару серверінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға ғана қолданылады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.