Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

2024 ж. 29 наурыз

ID 177128

Осы сценарий аяқталғаннан кейін, бағдарламалар сіз анықтайтын бағдарлама саясаттары мен саясат профильдеріне сәйкес барлық басқарылатын құрылғыларда конфигурацияланады.

Алдын ала талаптар

Kaspersky Security Center Linux Басқару серверін және Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнатқаныңызға көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, пайдаланушыға бағытталған қауіпсіздікті басқаруды балама немесе қосымша мүмкіндік ретінде қарастырғыңыз келуі мүмкін. Басқарудың екі тәсілдемесі туралы көбірек біліңіз.

Кезеңдер

Құрылғыларға бағытталған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқару сценарийі келесі қадамдарды қамтиды:

  1. Бағдарламалар саясаттарын конфигурациялау

    Әр бағдарлама үшін саясат жасау арқылы басқарылатын құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының параметрлерін конфигурациялаңыз. Бұл саясат жиынтығы клиент құрылғыларына қолданылады.

    Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері арқылы желі қорғанысын конфигурациялау кезінде Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы келесі бағдарламалар үшін әдепкі бойынша саясатты жасайды:

    • Kaspersky Endpoint Security for Linux – Linux операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін.
    • Kaspersky Endpoint Security for Windows – Windows операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін.

    Егер сіз осы шебердің көмегімен конфигурациялау процесін аяқтаған болсаңыз, сізге бұл бағдарлама үшін жаңа саясат жасаудың қажеті жоқ.

    Егер сізде бірнеше Басқару серверінің және/немесе басқару топтарының иерархиялық құрылымы болса, қосалқы Басқару серверлері мен еншілес басқару топтары саясатты әдепкі бойынша негізгі Басқару серверінен иеленеді. Саясат параметрлерін иерархия бойынша төмен қарай өзгертуге тыйым салу үшін параметрлерді еншілес топтар мен қосалқы Басқару серверлеріне мәжбүрлеп иелендіруге болады. Егер сіз параметрлердің тек бір бөлігін иеленуге рұқсат бергіңіз келсе, оларды саясат иерархиясы бойынша жоғары деңгейде құлыптай аласыз. Басқа құлыпталмаған параметрлер иерархия бойынша төменгі саясатты өзгерту үшін қолжетімді болады. Құрылған саясат иерархиясы басқару топтарындағы құрылғыларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

    Нұсқаулар: Саясатты жасау.

  2. Саясат профильдерін жасау (қажет болса)

    Егер сіз бір басқару тобындағы құрылғыларға әртүрлі саясат параметрлерін қолданғыңыз келсе, сол құрылғылар үшін саясат профильдерін жасаңыз. Саясат профилі, саясат параметрлерінің аталған ішкі жиынтығы болып табылады. Параметрлердің осы ішкі жиынтығы құрылғыларға саясатпен бірге таралады және келесі шартты – профильді белсендіру шартын орындаған кезде саясатты толықтырады. Профильдер басқарылатын құрылғыда әрекет ететін "негізгі" саясаттан ерекшеленетін параметрлерді ғана қамтиды.

    Профильді белсендіру шарттарын пайдалана отырып, әртүрлі саясат профильдерін қолдануға болады, мысалы, арнайы бағдарламалық жасақтама конфигурациясы немесе берілген тегтері бар құрылғыларға. Белгілі бір өлшемшарттарға сәйкес келетін құрылғыларды сүзгілеу үшін тегтерді пайдаланыңыз. Мысалы, сіз CentOS тегін жасай аласыз, оны CentOS операциялық жүйесі басқаратын барлық құрылғыларға тағайындай аласыз, содан кейін бұл тегті саясат профилін белсендіру ережелерінде көрсете аласыз. Нәтижесінде, CentOS операциялық жүйесі басқаратын құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламалары өздерінің саясат профилімен басқарылатын болады.

    Нұсқаулар:

  3. Саясаттар мен саясат профильдерін басқарылатын құрылғыларға тарату

    Әдепкі бойынша, басқарылатын құрылғыларды Басқару серверімен синхрондау 15 минут сайын бір рет жүзеге асырылады. Синхрондау кезінде басқарылатын құрылғыларға жаңа немесе өзгертілген саясат пен саясат профильдері қолданылады. Автоматты синхрондауды өткізіп жіберіп, синхрондауды Мәжбүрлеп синхрондау пәрмені арқылы қолмен іске қосуға болады. Синхрондау аяқталғаннан кейін, саясаттар мен саясат профильдері жеткізіліп, "Лаборатория Касперского" белгіленген бағдарламаларына қолданылады.

    Саясаттар мен саясат профильдерінің құрылғыға жеткізілгенін тексеруге болады. Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы құрылғының сипаттарында жеткізу күні мен уақытын анықтайды.

    Нұсқаулар: Мәжбүрлеп синхрондау.

Нәтижелер

Құрылғыларға бағытталған сценарий аяқталғаннан кейін, "Лаборатория Касперского" бағдарламалары саясат иерархиясы арқылы көрсетілген және таралған параметрлерге сәйкес конфигурацияланады.

Бағдарлама саясаттары мен саясат профильдері басқару топтарына қосылған жаңа құрылғыларға автоматты түрде қолданылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Жұмысқа кірісу

Басқару серверлерінің иерархиясы

Басқару топтары

Саясаттар

Саясат профильдері

Пайдаланушы рөлдері туралы

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.