Үшінші тарап қауіпсіздік бағдарламаларын алмастыру

2024 ж. 16 мамыр

ID 180093

"Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламаларын Kaspersky Security Center Linux құралдарымен орнату үшін, орнатылатын бағдарламамен үйлеспейтін үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасын жою қажет болуы мүмкін. Kaspersky Security Center Linux, үшінші тарап бағдарламаларын жоюдың бірнеше тәсілін ұсынады.

Бағдарламаны қашықтан орнатуды кезінде үйлесімсіз бағдарламаларды жою

Қорғанысты орналастыру шеберінде қауіпсіздік бағдарламасын қашықтан орнату кезінде Үйлесімді емес бағдарламаларды автоматты түрде жою параметрін қосуға болады. Егер бұл параметр қосулы болса, Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы басқарылатын құрылғыға қауіпсіздік бағдарламасын орнатпас бұрын, үйлесімсіз бағдарламаларды жояды.

Үйлесімсіз бағдарламаларды бөлек тапсырма арқылы жою

Үйлесімсіз бағдарламаларды жою үшін Бағдарламаны қашықтан жою тапсырмасы қолданылады. Тапсырма қауіпсіздік бағдарламасын орнату тапсырмасынан бұрын, құрылғыларда іске қосылуы керек. Мысалы, орнату тапсырмасында Басқа тапсырманы аяқтағанда түріндегі кестені таңдауға болады, онда басқа тапсырма Бағдарламаны қашықтан жою тапсырмасы болып табылады.

Бұл жою тәсілі, қауіпсіздік бағдарламасы инсталляторы үйлесімсіз бағдарламалардың ешқайсысын сәтті жоя алмаған жағдайда қолданылғаны жөн.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.