Лицензиялық кілтті қоймадан жою

2024 ж. 16 мамыр

ID 180115

Басқарылатын құрылғыларға таратылған белсенді лицензиялық кілт жойылған кезде, бағдарламалар басқарылатын құрылғыларда жұмысын жалғастырады.

Басқару сервері қоймасынан кілт файлын немесе белсендіру кодын жою үшін:

  1. Басқару сервері сіз жойғыңыз келетін кілт немесе белсендіру кодын пайдаланбайтынына көз жеткізіңіз. Басқару сервері осындай кілтті қолданса, сіз кілтті жоя алмайсыз. Тексеруді орындау үшін:
    1. Басты мәзірде Басқару сервердің жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

      Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

    2. Жалпы қойындысында Лицензиялық кілттер бөлімін таңдаңыз.
    3. Егер ашылған бөлімде қажетті кілт файлы немесе белсендіру коды көрсетілсе, Белсенді кілтті жою түймесін басып, операцияны растаңыз. Осыдан кейін, Басқару сервері қашықтағы лицензиялық кілтті пайдаланбайды, кілт Басқару сервері қоймасында қалады. Егер қажетті кілт файлы немесе белсендіру коды көрсетілмесе, Басқару сервері оны пайдаланбайды.
  2. Бағдарламаның негізгі терезесінде ОперацияларЛицензиялау«Лаборатория Касперского» лицензиялары бөліміне өтіңіз.
  3. Қажетті кілт файлын немесе белсендіру кодын таңдап, Жою түймесін басыңыз.

Таңдалған кілт файлы немесе белсендіру коды қоймадан жойылады.

Жойылған лицензиялық кілтті қайта қосуға немесе басқа лицензиялық кілтті қосуға болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.