Linux операциялық жүйесі бар клиенттік құрылғыда қашықтағы диагностиканы іске қосу

2024 ж. 29 наурыз

ID 257310

Kaspersky Security Center Linux жүйесі клиенттік құрылғыдан негізгі диагностикалық ақпаратты жүктеп алуға мүмкіндік береді. Бұған қоса "Лаборатория Касперского" бағдарламасының collect.sh скриптісін пайдаланып, Linux операциялық жүйесімен жұмыс істейтін құрылғы туралы диагностикалық ақпаратты алуға болады. Бұл скрипт Linux операциялық жүйесі бар диагностикалануы қажет клиенттік құрылғыда іске қосылады. Содан кейін диагностикалық ақпарат, сол құрылғы туралы жүйелік ақпарат, бағдарламаны трассалау файлдары, құрылғының оқиғалар туралы журналдары және қате жағдайларға, үзілген бағдарламаларға арналған қоқыс файлы бар файл жасалады.

Linux операциялық жүйесімен жұмыс істейтін клиенттік құрылғы туралы барлық диагностикалық ақпаратты дереу алу үшін collect.sh скриптісін пайдалану ұсынылады. Егер диагностикалық ақпаратты Kaspersky Security Center Linux арқылы қашықтан жүктеп алсаңыз, қашықтағы диагностика интерфейсінің барлық бөлімдерін өтуіңіз керек. Оған қоса Linux операциялық жүйесі бар құрылғының диагностикалық ақпараты толық алынбауы мүмкін.

Диагностикалық ақпараты бар жасалған файлды "Лаборатория Касперского" техникалық қолдау қызметіне жіберу қажет болса, файлды жібермес бұрын барлық құпия ақпаратты жойыңыз.

collect.sh скриптісін пайдаланып, Linux операциялық жүйесі бар клиенттік құрылғыдан диагностикалық ақпаратты жүктеп алу үшін:

  1. collect.sh скриптісін жүктеп алыңыз, ол collect.tar.gz мұрағатына жинақталған.
  2. Жүктелген мұрағатты диагностикалау қажет Linux операциялық жүйесі бар клиент құрылғыға көшіріңіз.
  3. collect.tar.gz мұрағатын шығару үшін келесі пәрменді орындаңыз:

    # tar -xzf collect.tar.gz

  4. Скриптіні орындауға құқықтарын көрсету үшін келесі пәрменді орындаңыз:

    # chmod +x collect.sh

  5. collect.sh скриптісін әкімші құқықтары бар есептік жазба арқылы іске қосыңыз:

    # ./collect.sh

Диагностикалық ақпараты бар файл /tmp/$HOST_NAME-collect.tar.gz қалтасында жасалады және сақталады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.