Деректердің сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру үшін klbackup утилитасын пайдалану

2024 ж. 16 мамыр

ID 3674

Kaspersky Security Center дистрибутивінің құрамына кіретін klbackup утилитасы арқылы сақтық көшірмелеу және кейіннен қалпына келтіру үшін Басқару сервері деректерін көшіруге болады.

Деректерді сақтық көшірмелеу немесе Басқару сервері деректерін тыныш режимде қалпына келтіру үшін,

Басқару сервері орнатылған құрылғының пәрмен жолында klbackup утилитасын қажетті кілттер жиынтығымен іске қосыңыз.

Утилитаның пәрмен жолының синтаксисі:

klbackup -path BACKUP_PATH [-logfile LOGFILE] [-use_ts]|[-restore] [-password PASSWORD] [-online]

Егер сіз klbackup утилитасының пәрмен жолында құпиясөзді белгілемесеңіз, утилита оны интерактивті түрде енгізуді сұрайды.

Кілттердің сипаттамалары:

  • -path BACKUP_PATH – ақпаратты BACKUP_PATH қалтасына сақтау / қалпына келтіру үшін BACKUP_PATH қалтасындағы деректерді пайдалану (міндетті параметр).
  • -logfile LOGFILE – Басқару сервері деректерін көшіру немесе қалпына келтіру туралы есепті сақтау.

    Дерекқор серверінің есептік жазбасы және klbackup утилитасы BACKUP_PATH қалтасындағы деректерді өзгерту құқығына ие болуы керек.

  • -use_ts – деректерді сақтау кезінде ақпаратты BACKUP_PATH қалтасына, ағымдағы жүйелік күн мен уақытты klbackup ЖЖЖЖ-АА-КК # СС-АА-СС пішімінде көрсететін атауы бар салынған қалтаға көшіру. Егер кілт белгіленбеген болса, ақпарат BACKUP_PATH қалтасының түбірінде сақталады.

    Ақпаратты сақтық көшірмесі бар қалтаға сақтауға тырысқанда, қате туралы хабар пайда болады. Ақпарат жаңартылмайды.

    -use_ts кілтінің болуы арқасында Басқару сервері деректері мұрағатын жүргізуге болады. Мысалы, егер -path кілтімен C:\KLBackups қалтасы жасалған болса, онда klbackup 2022-06-19 # 11-30-18 қалтасында Басқару серверінің 2022 жылғы 19 маусым, 11 сағат 30 минут 18 секундтағы күйі туралы ақпарат сақталады.

  • -restore – Басқару сервері деректерін қалпына келтіруді орындау. Деректерді қалпына келтіру BACKUP_PATH қалтасында ұсынылған ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Егер кілт жоқ болса, BACKUP_PATH қалтасына деректерді сақтық көшірмелеу орындалады.
  • -password PASSWORD – Басқару сервері сертификатын сақтау немесе қалпына келтіру; сертификатты шифрлау және шифрсыздау үшін PASSWORD параметрі белгілеген құпиясөзді пайдалану.

    Ұмытылған құпиясөзді қалпына келтіру мүмкін емес. Құпиясөзге қойылатын талаптар жоқ. Құпиясөздің ұзындығы шектелмейді, сондай-ақ құпиясөздің нөлдік ұзындығы да болуы мүмкін (яғни құпиясөзсіз).

    Деректерді қалпына келтіру кезінде, сақтық көшірмелеу барысында енгізілген құпиясөзді көрсету қажет. Сақтық көшірмелеуден кейін ортақ қатынасы бар қалтаға апаратын жол өзгерсе, қалпына келтірілген деректерді пайдаланатын тапсырмалардың жұмысын тексеріңіз (қалпына келтіру тапсырмалары және қашықтан орнату тапсырмалары). Қажет болса, осы тапсырмалардың параметрлерін өңдеңіз. Деректер сақтық көшірме файлынан қалпына келтіріліп жатқанда, ешкім Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасына кіре алмайды. klbackup утилитасы іске қосылатын есептік жазба ортақ қатынасы бар қалтаға толық қатынасу мүмкіндігіне ие болуы керек. Утилитаны жаңа ғана орнатылған Басқару серверінде іске қосу ұсынылады.

  • -online – Басқару серверінің автономды күйінің уақытын барынша азайту үшін лездік сурет жасау арқылы Басқару сервері деректерінің сақтық көшірмесін жасау. Егер сіз деректерді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру утилитасын қолдансаңыз, бұл параметр еленбейді.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.