Бағдарлама архитектурасы

2024 ж. 29 наурыз

ID 4531

Бұл бөлімде Kaspersky Security Center құрамдастарының және олардың өзара іс-қимылының сипаттамасы бар.

Әкімші Басқару серверін Web Console арқылы басқара алады. Басқару сервері "Лаборатория Касперского" жаңарту серверлерінен жаңартуларды алып тұрады, KSN серверлерімен ақпарат алмасады және Windows пен Linux операциялық жүйелері бар жаңартуларды клиент құрылғыларына таратады.

Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы архитектурасы

Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы келесі негізгі құрамдастарды қамтиды:

  • Kaspersky Security Center Web Console. Бұл Kaspersky Security Center басқаратын ұйым-клиент желісін қорғау жүйесін құруға және басқаруға арналған веб-интерфейс.
  • Kaspersky Security Center Басқару сервері (бұдан әрі Сервер деп те аталады). Ұйымның желісінде орнатылған бағдарламалар және оларды басқару туралы ақпаратты орталықтандырылған сақтау функцияларын жүзеге асырады.
  • "Лаборатория Касперского" жаңарту серверлері. "Лаборатория Касперского" бағдарламаларына дерекқорлар мен модульдердің жаңартуларын жіберетін "Лаборатория Касперского" HTTP серверлері мен HTTPS серверлері.
  • KSN серверлері. Серверлерде файлдардың, веб-ресурстардың және бағдарламалық жасақтаманың беделі туралы "Лаборатория Касперского" жедел білім базасы бар. Kaspersky Security Network "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының қауіптерге реакциясының жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді, кейбір қорғаныс құрамдастарының тиімділігін арттырады, сондай-ақ жалған іске қосылудың ықтималдығын азайтады.
  • Клиент құрылғылары. Ұйымның клиент құрылғыларын Kaspersky Security Center Linux қорғайды. Әрбір қорғалатын құрылғыда "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламаларының бірі орнатылуы керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center Linux құрамдастары мен қауіпсіздік бағдарламаларының өзара әрекеттесуі: қосымша мәліметтер

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.