Kaspersky Security Center лицензиялау нұсқалары

2024 ж. 16 мамыр

ID 65277

Kaspersky Security Center корпоративтік желілерді қорғауға арналған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының құрамында жеткізіледі. Бұдан бөлек, ол "Лаборатория Касперского" веб-сайтынан жүктеу үшін қолжетімді.

Kaspersky Security Center көмегімен сіз:

  • Өзіндікұйымның желісін, сондай-ақ қашықтағы кеңселердің немесе клиенттік ұйым-клиенттердің желілерін басқару үшін Басқару серверлерінің иерархиясын қалыптастыру.

    Мұндағы Ұйым-клиенттер дегеніміз – провайдер антивирустық қорғанысты қамтамасыз ететін ұйымдар.

  • Клиент құрылғылары жиынтығын тұтастай басқару үшін басқару топтарының иерархиясын құру.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде құрылған антивирустық қауіпсіздік жүйесін басқару.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын және басқа үшінші тарап бағдарламаларын қашықтан орнатуды орындау.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының лицензиялық кілттерін клиент құрылғыларына орталықтан тарату, кілттердің қолданылуын бақылау және лицензиялардың жарамдылық мерзімін ұзарту.
  • Бағдарламалар мен құрылғылардың жұмысы туралы статистика мен есептер алу.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының жұмысындағы маңызды оқиғалар туралы хабарландырулар алу.
  • Windows операциялық жүйесі бар құрылғылардың қатты дискілерінде және алынбалы дискілерде сақталған деректерді шифрлауды басқару.
  • Windows операциялық жүйесі бар құрылғыларындағы шифрланған деректерге пайдаланушы қатынасын басқару.
  • Ұйымның желісіне қосылған жабдықтарды түгендеу.
  • Қауіпсіздік бағдарламалары карантинге немесе сақтық көшірмелеуге орналастырылған файлдармен, сондай-ақ қауіпсіздік бағдарламалары өңдеуді кейінге қалдырған файлдармен орталықтандырылған түрде жұмыс істеу.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.