Пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына рөл тағайындау

2024 ж. 16 мамыр

ID 89269

Пайдаланушыға немесе қауіпсіздік тобына рөл тағайындау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Пайдаланушылар және рөлдер Пайдаланушылар және топтар бөліміне өтіп, Пайдаланушылар немесе Топтар қойындысын таңдаңыз.
  2. Рөл тағайындағыңыз келетін пайдаланушының немесе қауіпсіздік тобының атын таңдаңыз.

    Бірнеше ат таңдауға болады.

  3. Мәзірде Рөлді тағайындау түймесін басыңыз.

    Рөлді тағайындау шебері іске қосылады.

  4. Шебер нұсқауларын орындаңыз: таңдалған пайдаланушыларға немесе қауіпсіздік топтарына тағайындағыңыз келетін рөлді таңдаңыз және рөлдің әрекет ету ауқымын таңдаңыз.

    Пайдаланушы рөлі ауқымы – бұл пайдаланушылар мен басқару топтарының тіркесімі. Пайдаланушы рөліне қатысты параметрлер тек осы рөл тағайындалған пайдаланушыларға тиесілі құрылғыларға қолданылады және бұл құрылғылар осы рөл тағайындалған топтарға, соның ішінде еншілес топтарға жататын болса ғана қолданылады.

Нәтижесінде Басқару сервермен жұмыс істеу құқықтарының жиынтығы бар рөл пайдаланушыға (немесе пайдаланушылар тобына не қауіпсіздік тобына) тағайындалады. Пайдаланушылар немесе қауіпсіздік топтарының тізімінде Тағайындалған рөлдері бар бағанында жалауша көрсетіледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.