Тарату нүктелері мен қосылым шлюздерін конфигурациялау
Kaspersky Security Center Linux-тегі басқару топтарының құрылымы келесі функцияларды орындайды:
- Саясаттардың әрекет ету ауқымын белгілеу.
Саясат профильдерінің көмегімен құрылғыларда параметрлердің сыртқы жиынтықтарын қолданудың баламалы тәсілі бар.
- Топтық тапсырмалардың әрекет ету ауқымын белгілеу.
Басқару топтарының иерархиясына негізделмеген топтық тапсырмалардың әрекет ету ауқымын белгілеу тәсілдемесі бар: құрылғыларды таңдау және арнайы құрылғылар үшін тапсырмаларды қолдану.
- Құрылғыларға, виртуалды және қосалқы Басқару серверлеріне қатынасу құқықтарын белгілеу.
- Тарату нүктелерін тағайындау.
Басқару топтарының құрылымын құру кезінде тарату нүктелерін оңтайлы түрде тағайындау үшін ұйым желісінің топологиясын ескеру қажет. Тарату нүктелерінің оңтайлы таралуы арқасында ұйым желісіндегі желілік трафикті азайтуға мүмкіндік беріледі.
Ұйымның ұйымдық құрылымына және желілер топологиясына байланысты, басқару топтары құрылымының келесі типтік конфигурацияларын ажыратуға болады:
- Бір кеңсе.
- Көптеген шағын оқшауланған кеңселер.
Тарату нүктелері рөлін атқаратын құрылғылар рұқсатсыз қол жеткізудің кез келген түрінен, соның ішінде физикалық тұрғыдан қорғалуы тиіс.