Құрылғыны жылжыту ережелері.

2024 ж. 29 наурыз

ID 92437

Құрылғыларды жылжыту ережелері көмегімен басқару топтарында құрылғыларды орналастыру процесін автоматтандыру ұсынылады. Жылжыту ережесі үш негізгі бөліктен тұрады: атауы, орындау шарттары (құрылғы атрибуттарының логикалық өрнегі) және мақсатты басқару тобы. Құрылғының атрибуттары ережені орындау шартына сай келсе, онда ереже құрылғыны мақсатты басқару тобына көшіреді.

Құрылғыны жылжыту ережелерінің басымдықтары бар. Басқару сервері құрылғының атрибуттарын әрбір ережені орындау шартына сай келу тұрғысынан, ережелер басымдығының азаюы тәртібінде тексереді. Құрылғының атрибуттары ережені орындау шартына сай келсе, онда құрылғы мақсатты топқа көшіріледі және бұл құрылғы үшін ережелерді өңдеу осымен тоқтайды. Егер құрылғының атрибуттары бірден бірнеше ережеге сай келсе, онда құрылғы үлкен басымдыққа ие ереженің мақсатты тобына көшіріледі (ережелер тізімінде жоғары тұр).

Құрылғыны жылжыту ережелері айқын емес түрде жасалуы мүмкін. Мысалы, қашықтан орнату тапсырмасының немесе пакетінің сипаттарында, Желілік агентті орнатқаннан кейін құрылғы кіруі тиісті басқару тобы көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ, жылжыту ережелерін Kaspersky Security Center Linux әкімшісі айқын түрде Активтер (құрылғылар)Жылжыту ережелері бөлімінде жасай алады.

Жылжыту ережесі, әдепкі бойынша құрылғыларды басқару топтарында бір рет бастапқы орналастыруға арналған. Ереже бөлінбеген құрылғыларды бір рет қана жылжытады. Егер құрылғы бір рет осы ережемен көшірілген болса, тіпті құрылғыны тағайындалмаған құрылғылар тобына қолмен қайтарған жағдайда да, ереже оны қайтадан көшірмейді. Бұл, жылжыту ережелерін қолданудың ұсынылатын тәсілі.

Басқару топтарында әлдеқашан орналастырылған құрылғыларды жылжытуға болады. Бұл үшін ереже сипаттарында Тек басқару тобында орналастырылмаған құрылғыларды жылжыту жалаушасын алып тастаңыз.

Басқару топтарында әлдеқашан орналастырылған құрылғыларға қолданылатын жылжыту ережелерінің болуы, Басқару серверіне түсетін жүктемені едәуір арттырады.

Тек басқару тобында орналастырылмаған құрылғыларды жылжыту жалаушасы автоматты түрде жасалған жылжыту ережелерінің сипаттарында құлыпталған. Мұндай ережелер Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасын қосқанда немесе автономды орнату пакетін жасағанда құрылады.

Бір құрылғыда көп рет әрекет ете алатын жылжыту ережесін жасауға болады.

Бір құрылғы топтан топқа көп рет жылжыту, мысалы, құрылғыға арнайы саясатты қолдану, арнайы топтық тапсырманы іске қосу, белгілі бір тарату нүктесінен жаңарту мақсатында басқарылатын құрылғылармен жұмыс істеу тәсілдемесінен аулақ болу қатаң ұсынылады.

Мұндай сценарийлерге қолдау көрсетілмейді, өйткені олар Басқару серверіне және желілік трафикке жүктеу бойынша онша тиімсіз. Сондай-ақ, бұл сценарийлер Kaspersky Security Center Linux жұмыс моделіне қарама-қайшы келеді (әсіресе, қатынасу құқықтары, оқиғалар мен есептер саласында). Басқа шешім іздеу, мысалы, саясат профильдерін, құрылғыларды таңдау үшін тапсырмаларды қолдану, әдістемеге сәйкес Желілік агенттерді тағайындау керек және т.с.с.

Сондай-ақ, қараңыз:

Жұмысқа кірісу

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.