iOS MDM-профиліне сертификатпен қол қою

2024 ж. 29 наурыз

ID 100168

iOS MDM профиліне сертификатпен қол қоя аласыз. Сіз өзіңіз шығарған сертификатты пайдалана аласыз немесе сенімді сертификаттау орталығынан сертификат ала аласыз.

iOS MDM профиліне сертификатпен қол қою үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғылар қалтасының мәнмәтіндік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  3. Қалта сипаттары терезесінен iOS құрылғыларын қосу параметрлері бөлімін таңдаңыз.
  4. Сертификат файлын таңдау өрісінің үстіндегі Шолу түймесін басыңыз.

    Сертификат терезесі ашылады.

  5. Сертификат түрі өрісінде сертификаттың жалпыға ортақ немесе жеке түрін таңдаңыз:
    • PKCS #12 контейнері мәні таңдалған болса, сертификат файлы мен құпиясөзді көрсетіңіз.
    • X.509 сертификаты мәні таңдалған болса:
      1. жеке кілт файлын (prk немесе pem кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз;
      2. жеке кілт құпиясөзін көрсетіңіз;
      3. жалпыға ортақ кілт файлын (cer кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз.
  6. OK түймесін басыңыз.

iOS MDM профиліне сертификатпен қол қойылды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.