Клиент құрылғыларын қашықтан қосу, өшіру және қайта іске қосу
Клиент құрылғыларын қашықтан қосу, өшіру және қайта іске қосу
Kaspersky Security Center бағдарламасы клиент құрылғыларын қашықтан басқаруға, қосуға, өшіруге және қайта іске қосуға мүмкіндік береді.
Клиент құрылғыларын қашықтан басқару үшін:
- Құрылғыларды басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
- Келесі тәсілдердің бірімен құрылғыларды басқару тапсырмасын жасаңыз:
- Таңдалған басқару тобына кіретін құрылғыларды қосу, өшіру немесе қайта іске қосу керек болса, таңдалған топ үшін тапсырманы жасаңыз.
- Әртүрлі басқару топтарына кіретін немесе басқару топтарына кірмейтін құрылғыларды қосу, өшіру немесе қайта іске қосу керек болса, құрылғыларды жинауға арналған тапсырманы жасаңыз.
Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз. Тапсырманы жасау шеберінің Тапсырма түрін таңдау терезесінде Kaspersky Security Center торабын таңдап, Кеңейтілген қалтасын ашып, Құрылғыларды басқару тапсырмасын таңдаңыз.
- Жасалған тапсырманы іске қосыңыз.
Тапсырманың жұмысы аяқталғаннан кейін, пәрмен (қосу, өшіру немесе қайта іске қосу) таңдалған құрылғыларда орындалатын болады.
Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.