16-қадам. Файлдарды мұрағаттан шығарып, қатты дискіге орнату

2024 ж. 29 наурыз

ID 13092

Kaspersky Security Center құрамдастарын орнату параметрлерін конфигурациялап болғаннан кейін, файлдарды қатты дискіге орнатуды іске қосуға болады.

Орнатуды іске қосу үшін қосымша бағдарламалар қажет болса, орнату шебері Міндетті құрамдастарды орнату терезесінде Kaspersky Security Center орнатуды бастамас бұрын хабарлайды. Қажетті бағдарламалар Келесі түймесін басқаннан кейін автоматты түрде орнатылады.

Соңғы бетте Kaspersky Security Center-мен жұмыс істеу үшін қандай консольді іске қосу керектігін таңдауға болады:

  • MMC негізіндегі басқару консолін іске қосу
  • Kaspersky Security Center Web Console консолін іске қосу

    Бұл параметр, алдыңғы қадамдардың бірінде Kaspersky Security Center Web Console орнатуды таңдаған жағдайда ғана қолжетімді.

Kaspersky Security Center іске қоспай-ақ, шебердің жұмысын аяқтай аласыз. Бұл үшін Аяқтау түймесін басыңыз. Kaspersky Security Center-мен жұмысты кейінірек кез келген уақытта бастауға болады.

Басқару консолін немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін бірінші рет іске қосу кезінде, бағдарламаны алғашқы рет конфигурациялай аласыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.