Бұлтты ортаны конфигурациялау
Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін пайдаланып Kaspersky Security Center конфигурациялау үшін сізге мыналар қажет:
- Бұлтты орта үшін есептік деректерді көрсетіңіз:
- Бұлттық сегментте сауалнама өткізу құқығы ұсынылған IAM рөлі немесе бұлттық сегментте сауалнама өткізу құқығы ұсынылған IAM пайдаланушысының есептік жазбасы (Amazon Web Services қызметімен жұмыс істеу үшін);
- Azure бағдарламасының идентификаторы, құпиясөз және жазылым (Microsoft Azure-мен жұмыс істеу үшін);
- Google клиентінің электрондық поштасы, жобаның идентификаторы және жабық кілт (Google Cloud-пен жұмыс істеу үшін).
- Орнату пакеттері:
- Windows үшін Желілік агент;
- Linux үшін Желілік агент;
- Kaspersky Endpoint Security for Linux.
- Kaspersky Endpoint Security for Linux веб-плагині
- Кемінде келесілердің бірі:
- Kaspersky Endpoint Security for Windows орнату пакеті және веб-плагині (ұсынылады);
- Kaspersky Security for Windows Server орнату пакеті және веб-плагині.
Бұлтты ортада жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келмесе (мысалы, тек физикалық клиент құрылғыларының қауіпсіздігін басқарғыңыз келсе), бұлтты ортаны конфигурациялау шеберінен шығып, стандартты Басқару серверін жылдам іске қосу шеберін қолмен іске қоса аласыз.
Kaspersky Security Center бағдарламасын дайын AMI кескінінен орналастырып жатсаңыз, Басқару серверіне Басқару консолі арқылы алғаш қосылған кезде бұлтты ортаны конфигурациялау автоматты түрде басталады. Сондай-ақ, бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін кез келген уақытта іске қоса аласыз.
Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін қолмен іске қосу үшін:
- Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
- Түйіннің мәнмәтіндік мәзірінде Барлық тапсырмалар → Бұлт ортасын конфигурациялау тармағын таңдаңыз.
Конфигурациялау уақыты шамамен 15 минут.