3-қадам. Бұлтты ортадағы түпнұсқалық растама
AWS
AWS таңдасаңыз, қажетті құқықтары бар IAM рөлі бар екенін көрсетіңіз немесе Kaspersky Security Center-ге AWS IAM қатынас кілтін ұсыныңыз. IAM рөлі немесе AWS IAM қатынас кілті болмас, бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу мүмкін емес.
Алдағыда бұлт бойынша сауалнама үшін қолданылатын келесі қосылым параметрлерін көрсетіңіз:
Қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады. Бұлтты ортаны конфигурациялаудың көмегімен тек бір AWS IAM қатынас кілтін жасай аласыз. Кейінірек, сіз басқа бұлттық сегменттерді басқару үшін басқа қосылымдарды да көрсете аласыз.
Kaspersky Security Center құралдарымен даналарға бағдарламалар орнатқыңыз келсе, сіздің IAM рөліңіз (немесе есептік жазбасы сіз енгізген кілтке сәйкес келетін IAM пайдаланушысы) қажетті артықшылықтарға ие болуы қажет.
Azure
Azure таңдасаңыз, бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін келесі қосылым параметрлерін көрсетіңіз:
- Қосылым атауы
- Azure бағдарламасының идентификаторы.
- Azure жазылым идентификаторы
- Azure бағдарлама құпиясөзі.
- Azure сақтау орнының есептік жазба атауы
- Azure сақтау орнының қатынас кілті
Қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады.
Google Cloud
Google Cloud таңдасаңыз, бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін келесі қосылым параметрлерін көрсетіңіз:
Қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады.