Бұлтты ортаны конфигурациялау шебері туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 151539

Бұлтты ортаны конфигурациялау шебері бұлтты ортадағы жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып, Kaspersky Security Center-ді конфигурациялауға мүмкіндік береді.

Шебердің жұмысы нәтижесінде келесі нысандар жасалады:

  • әдепкі конфигурациялары бар Желілік агент саясаты;
  • Kaspersky Endpoint Security for Linux саясаты;
  • Kaspersky Security for Windows Server саясаты;
  • басқару тобы және даналарды осы басқару тобына автоматты түрде жылжыту ережесі;
  • Басқару сервері деректерін сақтық көшірмелеу тапсырмасы;
  • Linux және Windows басқаратын құрылғыларға қорғанысты орнату тапсырмалары;
  • басқарылатын құрылғылардың әрқайсысына арналған тапсырмалар:
    • зиянды БҚ жылдам іздеу;
    • жаңартулар жүктеп алу.

Егер сіз BYOL моделі бойынша лицензиялау нұсқасын таңдаған болсаңыз, онда бұлтты орта конфигурациясы Kaspersky Security Center-ді кілт файлы немесе белсендіру коды арқылы белсендіреді және кілт файлын немесе белсендіру кодын лицензиялар қоймасына орналастырады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.