Бағдарламалық жасақтаманы түгендеу тапсырмасы

2024 ж. 29 наурыз

ID 154160

Орнатылған бағдарламалар туралы ақпаратты алу арқылы дерекқорға түсетін жүктемені азайтуға болады. Ол үшін түгендеу тапсырмасын стандартты бағдарламалар жинағы орнатылған бірнеше эталондық құрылғыларда орындау ұсынылады.

Басқару сервері бір құрылғыдан алынатын орындалатын файлдар саны 150 000-нан аса алмайды. Осы шектеуге жеткеннен кейін, Kaspersky Security Center жаңа файлдарды алмайды.

Әдеттегі клиент құрылғысындағы файлдар саны, әдетте, 60 000-нан аспайды. Файл серверіндегі орындалатын файлдардың саны үлкенірек болуы және тіпті 150 000 шегінен асып кетуі мүмкін.

Сынақ өлшемдері Kaspersky Endpoint Security 11 бағдарламасы орнатылған және ешқандай үшінші тарап бағдарламалары орнатылмаған Windows 7 операциялық жүйесі басқаратын құрылғыда түгендеу тапсырмасының нәтижелері келесідей екенін көрсетті:

  • DLL модульдерін түгендеу және Скрипт файлдарын түгендеу жалаушалары алынып тасталса: шамамен 3000 файл.
  • DLL модульдерін түгендеу және Скрипт файлдарын түгендеу жалаушалары қойылса: орнатылған операциялық жүйені жаңарту пакеттерінің санына байланысты 10 000-нан 20 000-ға дейінгі файл.
  • Скрипт файлдарын түгендеу жалаушасы ғана қойылса: шамамен 10 000 файл.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.