Kaspersky Security Center Web Server

2024 ж. 29 наурыз

ID 155181

Kaspersky Security Center Web Server (бұдан әрі Веб-сервер) – Kaspersky Security Center құрамдасы. Веб-сервер жеке орнату пакеттерін, ұялы құрылғыларға арналған жеке орнату пакеттерін, сондай-ақ ортақ қатынасы бар қалтадағы файлдарды жариялауға арналған.

Құрылған орнату пакеттері Веб-серверде автоматты түрде жарияланады және бірінші рет жүктегеннен кейін жойылады. Әкімші қалыптастырылған сілтемені пайдаланушыға кез келген ыңғайлы тәсілмен, мысалы, электрондық пошта арқылы жібере алады.

Алынған сілтеме арқылы, пайдаланушы ұялы құрылғыға арналған ақпаратты жүктей алады.

Веб-серверді конфигурациялау

Веб-Сервердің сипаттарында Веб-серверді дәл конфигурациялау үшін HTTP (8060) және HTTPS (8061) протоколдарының порттарын ауыстыруға болады. Сондай-ақ, порттарды ауыстырудан бөлек, HTTPS протоколы үшін серверлік сертификатты ауыстыруға және HTTP протоколы үшін веб-сервер FQDN атауын ауыстыруға болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.