Бастапқы орналастыру

2024 ж. 29 наурыз

ID 155194

Егер құрылғыда Желілік агент әлдеқашан орнатылған болса, мұндай құрылғыға бағдарламаларды қашықтан орнату Желілік агенттің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, орнатылатын бағдарламаның дистрибутивін әкімші көрсеткен орнату параметрлерімен бірге жіберу, Желілік агенттер мен Басқару сервері арасындағы байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. Дистрибутивті жіберу үшін тарату нүктелері, көп мекенжайлы таратылым және басқа да құралдар түріндегі аралық тарату орталықтарын пайдалануға болады. Бағдарламаларды Желілік агенті орнатылған басқарылатын құрылғыларға орнату туралы толығырақ мәліметті одан әрі осы бөлімде қараңыз.

Желілік агентті Microsoft Windows платформасындағы құрылғыларға бастапқы орнатуды келесі тәсілдермен орындауға болады:

  • Бағдарламаларды қашықтан орнатудың үшінші тарап құралдары арқылы.
  • Windows топтық саясаттары арқылы: топтық саясаттар үшін Windows стандартты басқару құралдарын қолдану.
  • Kaspersky Security Center бағдарламаларын қашықтан орнату тапсырмасындағы тиісті параметрлердің көмегімен мәжбүрлі түрде.
  • Пайдаланушыларға Kaspersky Security Center қалыптастырған автономды пакеттерге сілтемелер тарату арқылы. Автономды пакеттер, параметрлері конфигурацияланған таңдалған бағдарламалардың дистрибутивтерін қамтитын орындалатын модульдер болып табылады.
  • Құрылғыларда бағдарламалардың инсталляторларын іске қосу арқылы қолмен.

Microsoft Windows-тен ерекшеленетін платформаларда, Желілік агентті басқарылатын құрылғыларда бастапқы орнату, қолда бар үшінші тарап құралдарымен немесе пайдаланушыларға алдын ала конфигурацияланған дистрибутиві бар мұрағаты жіберу арқылы қолмен жүзеге асырылуы керек. Желілік агентті жаңа нұсқасына дейін жаңарту, сондай-ақ "Лаборатория Касперского" басқа бағдарламаларын осы платформаларға бағдарламаларды қашықтан орнату тапсырмаларының көмегімен, құрылғылардағы Желілік агенттерді қолдану арқылы орнату. Бұл жағдайда, орнату Microsoft Windows платформасында орнатуға ұқсас жолмен жүзеге асырылады.

Басқарылатын желіде бағдарламаларды орналастыру тәсілі мен стратегиясын таңдай отырып, бірқатар факторларды назарға алған жөн (тізімі толық емес):

  • ұйым желісінің конфигурациясын;
  • құрылғылардың жалпы санын;
  • басқарылатын желіде Windows домендерінің болуы, осындай домендерде Active Directory топтық саясаттарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі;
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын бастапқы орналастыру жүргізілетін құрылғыларда жергілікті әкімші құқықтары бар есептік жазбаны (жазбаларды) білу (яғни, жергілікті әкімші құқықтары бар домендік есептік жазбаның қолжетімді болуы немесе осындай құрылғыларда әкімші құқықтары бар бірегейлендірілген жергілікті есептік жазбалардың болуы);
  • Басқару сервері мен MSP клиенттерінің желілері арасындағы байланыс сипаты мен желілік арналардың ені және осы желілердегі желілік арналардың ені;
  • орналастыру басталған сәтте қашықтағы құрылғыларда қолданылатын қауіпсіздік параметрлері (атап айтқанда, UAC және Simple File Sharing режимін пайдалану).

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.