MSP клиентінің типтік конфигурациясы: бір кеңсе

2024 ж. 29 наурыз

ID 155197

"Бір кеңсе" типтік конфигурациясында барлық құрылғылар ұйымның желісінде орналаса отырып, бір-бірін "көреді". Ұйымның желісі тар арналармен байланысқан бірнеше бөлектенген бөліктен (желіден немесе желі сегменттерінен) құралуы мүмкін.

Басқару топтарының құрылымын құрудың келесі тәсілдері болуы мүмкін:

  • Желі топологиясын ескере отырып, басқару тобының құрылымын құру. Басқару топтарының құрылымы желінің топологиясын нақты түрде көрсетуге міндетті емес. Желінің бөлектенген бөліктеріне қандай да бір басқару топтарының сай келуі жеткілікті. Тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындауды қолдануға немесе тарату нүктелерін қолмен тағайындауға болады.
  • Желінің топологиясын білдірмейтін басқару топтарының құрылымын құру. Бұл жағдайда, тарату нүктелерін автоматты түрде тағайындауды өшіру және желінің әрбір бөлектенген бөлігінде түбірлік басқару тобына, мысалы, Басқарылатын құрылғылар тобына бір немесе бірнеше құрылғыны тарату нүктелері ретінде тағайындау керек. Барлық тарату нүктелері бір деңгейде болады және бірдей "ұйым желісінің барлық құрылғылары" әрекет ету ауқымына ие болады. Желілік агенттердің әрқайсысы, бағыты ең қысқа болып саналатын тарату нүктесіне қосылатын болады. Тарату нүктесіне апаратын бағытты tracert утилитасының көмегімен анықтауға болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.