Дерекқорда орынды есептеу

2024 ж. 29 наурыз

ID 159941

Дерекқордағы орынды келесі формула бойынша шамамен бағалауға болады:

(600 * C + 2.3 * E + 2.5 * A + 1.2 * N * F), КБ,

мұндағы

  • "C" – құрылғылар саны.
  • "E" – сақталатын оқиғалар саны.
  • "A" – Active Directory нысандарының жиынтық саны:
    • құрылғылардың есептік жазбалары;
    • пайдаланушы есептік жазбалары;
    • қауіпсіздік топтарының есептік жазбалары;
    • Active Directory бөлімшелері.

    Active Directory сканерлеу өшірулі болса, онда "А" нөлге тең болып саналуы керек.

  • N – соңғы құрылғыдағы түгенделетін орындалатын файлдардың орташа саны.
  • F – орындалатын файлдар түгенделген соңғы құрылғылардың саны.

Егер сіз Kaspersky Endpoint Security саясатының параметрлерінде Басқару серверін іске қосылатын бағдарламалар туралы хабардар етуді қосуды жоспарласаңыз, онда іске қосылатын бағдарламалар туралы ақпаратты дерекқорда сақтау үшін қосымша (0,03 * С) ГБ қажет болады.

Басқару сервері Windows жаңартуларын таратса (Windows Server Update Services рөлін атқарады), онда дерекқорда қосымша 2,5 ГБ қажет болады.

Жұмыс барысында, дерекқорда бос кеңістік (unallocated space) деп аталатын орын пайда болады. Сондықтан, дерекқор файлының нақты өлшемі ("SQL Server" ДҚБЖ қолданған жағдайда, әдепкі бойынша KAV.MDF файлы) көбінесе дерекқордағы бос емес орыннан шамамен екі есе көп болады.

Транзакциялар журналының өлшемін нақты шектеу ұсынылмайды (егер сіз SQL Server серверін ДҚБЖ ретінде қолдансаңыз, әдепкі бойынша KAV_log.LDF файлы). MAXSIZE параметрінің әдепкі бойынша мәнін қалдыру ұсынылады. Егер сізге осы файлдың өлшемін шектеу қажет болса, KAV_log.LDF үшін MAXSIZE параметрінің қажетті мәні 20480 МБ құрайтынын ескеру қажет.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.