Деректерді беру туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 175956

Үшінші тараптарға берілетін деректер

Пәрмендерді Android операциялық жүйесі басқаратын құрылғыларға push хабарландырулар механизмі арқылы уақтылы жеткізу мақсатында ұялы құрылғыларды Бағдарламалық жасақтамамен басқару үшін функционалдылықты қолдану кезінде Google Firebase Cloud Messaging сервисі қолданылады. Пайдаланушы Google Firebase Cloud Messaging қызметін пайдалануды конфигурациялаған болса, Пайдаланушы келесі ақпаратты Google Firebase Cloud Messaging қызметіне автоматты режимде ұсынуға келіседі: push хабарландырулары жіберілуі керек Kaspersky Endpoint Security for Android бағдарламаларын орнату идентификаторлары.

Google Firebase Cloud Messaging қызметімен ақпарат алмасуды бұғаттау үшін, Пайдаланушы Google Firebase Cloud Messaging қызметін пайдалану конфигурацияларын бастапқы мәнге келтіруі керек.

Пәрмендерді iOS операциялық жүйесі басқаратын құрылғыларға push хабарландырулар механизмі арқылы уақтылы жеткізу мақсатында ұялы құрылғыларды Бағдарламалық жасақтамамен басқару үшін функционалдылықты қолдану кезінде Apple Push Notification Service (APNs) сервисі қолданылады. Егер Пайдаланушы iOS MDM серверіне APNs сертификатын орнатқан болса, iOS ұялы құрылғыларын Бағдарламалық жасақтамаға қосу параметрлерінің жиынтығымен iOS MDM профилін қалыптастырса және осы iOS MDM профилін ұялы құрылғыларға орнатса, Пайдаланушы автоматты режимде APNs сервисіне келесі ақпаратты ұсынуға келіседі:

  • Токен – құрылғының push-токені. Сервер құрылғыға push хабарландыруларын жіберген кезде осы токенді пайдаланады.
  • PushMagic – push хабарландыруына қосылуы керек жол. Жолдың мәні құрылғы арқылы жасалады.

Жергілікті түрде өңделетін деректер

Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымның желісін қорғау жүйесін басқару және қызмет көрсету жөніндегі негізгі тапсырмаларды орталықтандырылған шешуге арналған. Kaspersky Security Center әкімшіге ұйым желісінің қауіпсіздік деңгейі туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қатынасуға мүмкіндік береді және "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде құрылған қорғаныстың барлық құрамдастарын конфигурациялауға мүмкіндік береді. Kaspersky Security Center келесі негізгі функцияларды орындайды:

  • ұйымның желісінде құрылғылар мен олардың пайдаланушыларын анықтау;
  • құрылғыларды басқару үшін басқару топтарының иерархиясын қалыптастыру;
  • құрылғыларға "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын орнату;
  • орнатылған бағдарламалардың жұмыс параметрлері мен тапсырмаларын басқару;
  • "Лаборатория Касперского" және басқа өндірушілер бағдарламаларының жаңартуларын басқару, осалдықтарды іздеу және түзету;
  • құрылғыларда "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын белсендіру;
  • пайдаланушы есептік жазбаларын басқару;
  • құрылғылардағы "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының жұмысы туралы ақпаратты қарау;
  • есептерді қарау.

Өзінің негізгі функцияларын орындау үшін Kaspersky Security Center бағдарламасы келесі ақпаратты қабылдай алады, сақтай алады және өңдей алады:

  • Active Directory желісінде, Windows желісінде құрылғыларды анықтау немесе IP ауқымдарын сканерлеу нәтижесінде алынған ұйымның желісіндегі құрылғылар туралы деректер. Басқару сервері деректерді өз бетінше алады немесе оларды оған Желілік агент жібереді.
  • Active Directory желісінде сауалнама өткізу нәтижесінде алынған ұйымдық бірліктер, домендер, пайдаланушылар, топтар туралы Active Directory деректері. Басқару сервері деректерді өз бетінше алады немесе оларды оған Желілік агент жібереді.
  • Басқарылатын құрылғылар туралы деректер. Желілік агент құрылғыдан Басқару серверіне төменде келтірілген деректерді жібереді. Пайдаланушы құрылғының көрсетілетін атауы мен сипаттамасын Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console интерфейсіне енгізеді:
    • Құрылғыны анықтау үшін қажетті басқарылатын құрылғы мен оның құрамдастарының техникалық сипаттамалары, яғни құрылғының көрсетілетін атауы мен сипаттамасы, Windows доменінің атауы мен түрі, Windows ортасындағы құрылғы атауы, DNS домені және DNS атауы, IPv4 мекенжайы, IPv6 мекенжайы, желілік орналасуы, MAC мекенжайы, операциялық жүйенің түрі, құрылғының виртуалды машина болып табылатыны және гипервизор түрі, құрылғының VDI бөлігі ретінде динамикалық виртуалды машина болып табылатыны.
    • Басқарылатын құрылғылардың аудиті үшін және қандай да бір патчтар мен жаңартуларды қолдануға болатыны туралы шешім қабылдау үшін қажетті басқарылатын құрылғылар мен олардың құрамдастарының басқа да сипаттамалары: Windows жаңартулар агентінің (WUA) күйі, операциялық жүйенің архитектурасы, операциялық жүйені жеткізуші, операциялық жүйе құрастырылымы, операциялық жүйе шығарылымының идентификаторы, операциялық жүйе орналасқан қалта, егер құрылғы виртуалды машина болса, онда виртуалды машинаның түрі; құрылғылар басқаратын виртуалды Басқару серверінің атауы; бұлтты құрылғы туралы деректер (бұлтты аймақ, VPC, бұлтты қолжетімділік аймағы, бұлтты қосалқы желісі, бұлтты құрылғыны орналастыру тобы).
    • Басқарылатын құрылғылардағы әрекеттер туралы егжей-тегжейлі деректер: соңғы рет жаңартылған күні мен уақыты, құрылғы желіде соңғы рет көрінген уақыт, қайта іске қосуды күту күйі, құрылғыны қосу уақыты.
    • Құрылғылардың пайдаланушыларының есептік жазбалары және олардың жұмыс сеанстары туралы деректер.
  • Егер құрылғы тарату нүктесі болса, тарату нүктесінің жұмыс статистикасы. Желілік агент деректерді құрылғыдан Басқару серверіне жібереді.
  • Пайдаланушы Басқару консольдеріне немесе Kaspersky Security Center Web Console жүйесіне енгізетін тарату нүктесінің параметрлері.
  • Ұялы құрылғыларды Басқару серверіне қосу үшін қажетті деректер: сертификат, ұялы құрылғыларды қосу порты, Басқару серверіне қосылу мекенжайы. Пайдаланушы деректерді Басқару консольдеріне Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Exchange ActiveSync протоколы бойынша жіберілетін ұялы құрылғылар туралы деректер. Төменде атап көрсетілген деректер ұялы құрылғыдан Басқару серверіне беріледі:
    • Құрылғыны анықтау үшін қажетті ұялы құрылғы мен оның құрамдастарының техникалық сипаттамалары: құрылғының атауы, үлгісі, операциялық жүйенің атауы, IMEI нөмірі және телефон нөмірі.
    • Ұялы құрылғы мен оның құрамдастарының сипаттамалары: құрылғыны басқару күйі, SMS қолдау, SMS хабарларын жеткізуге арналған рұқсат, FCM қолдау, пайдаланушы пәрмендерін қолдау, операциялық жүйені сақтау қалтасы және құрылғының атауы.
    • Ұялы құрылғылардағы іс-әрекеттер туралы деректер: құрылғының орналасуы ("Орналасқан жерді анықтау" пәрменін қолдану кезінде), соңғы рет синхрондалған уақыты, Басқару серверіне соңғы қосылу уақыты және синхрондауды қолдау туралы деректер.
  • iOS MDM протоколы бойынша жіберілетін ұялы құрылғылар туралы деректер. Төменде атап көрсетілген деректер ұялы құрылғыдан Басқару серверіне беріледі:
    • Құрылғыны анықтау үшін қажетті ұялы құрылғы мен оның құрамдастарының техникалық сипаттамалары: құрылғының атауы, үлгісі, атауы және операциялық жүйе құрастырылымы, құрылғы үлгісі нөмірі, IMEI, UDID, MEID нөмірі, сериялық нөмірі, жад көлемі, модем шағын бағдарламасының нұсқасы, Bluetooth MAC мекенжайы, Wi-Fi MAC мекенжайы және SIM картасының деректері (SIM картасы идентификаторының бөлігі ретіндегі ICCID коды).
    • Ұялы құрылғы пайдаланатын ұялы байланыс желісі туралы деректер: ұялы байланыс желісінің түрі, пайдаланылатын ұялы байланыс желісінің атауы, үйдегі ұялы байланыс желісінің атауы, ұялы байланыс желісі операторы параметрлерінің нұсқасы, дауыстық роуминг және деректер роумингі күйі, үй желісіне арналған ел коды, орналасу елінің коды, пайдаланылатын желінің ел коды және шифрлау деңгейі.
    • Ұялы құрылғының қауіпсіздік параметрлері: құпиясөзді пайдалану және оны саясат параметрлеріне сәйкес келуі, конфигурациялық профильдер және үшінші тарап қолданбаларын орнату үшін пайдаланылатын provisioning профильдері тізімі.
    • Басқару серверімен соңғы рет синхрондау күні және құрылғыны басқару күйі.
  • Құрылғыда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламалары туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді:
    • Басқарылатын құрылғыда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының параметрлері: "Лаборатория Касперского" бағдарламасының атауы мен нұсқасы, күйі, тұрақты қорғау күйі, құрылғыны соңғы тексеру күні мен уақыты, анықталған қауіптер саны, зарарсыздандыру орындалмаған нысандар саны, бағдарлама компоненттерінің болуы және күйі, антивирустық дерекқорлардың соңғы рет жаңартылған уақыты мен нұсқасы, "Лаборатория Касперского" бағдарламасының параметрлері мен тапсырмалары туралы ақпарат, белсенді және резеревтегі лицензиялық кілттер туралы ақпарат, бағдарламаны орнату күні мен идентификаторы.
    • Бағдарлама жұмысының статистикасы: басқарылатын құрылғыдағы "Лаборатория Касперского" бағдарламасының құрамдастары күйінің өзгерістерімен және бағдарламалық құрамдастар бастаған тапсырмаларды орындаумен байланысты оқиғалар.
    • "Лаборатория Касперского" бағдарламасы айқындаған құрылғының күйі.
    • "Лаборатория Касперского" бағдарламасы беретін тегтер.
    • "Лаборатория Касперского" бағдарламасына орнатылған және қолданылатын жаңартулар жиынтығы.
  • Kaspersky Security Center құрамдастары және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары оқиғаларында қамтылған деректер. Желілік агент деректерді құрылғыдан Басқару серверіне жібереді.
  • Kaspersky Security Center бағдарламасын оқиғаларды экспорттауға арналған SIEM жүйесімен біріктіру үшін қажетті деректер. Пайдаланушы деректерді Басқару консольдеріне Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Саясат және саясат профильдері түрінде ұсынылған Kaspersky Security Center құрамдастарының және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламаларының конфигурациялары. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Kaspersky Security Center құрамдастары және "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары тапсырмаларының конфигурациялары. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Осалдықтар мен патчтарды басқару функциясы өңдейтін деректер. Желілік агент құрылғыдан Басқару серверіне төменде келтірілген деректерді жібереді:
    • Басқарылатын құрылғыларда орнатылған бағдарламалар мен патчтар туралы деректер (Бағдарламалар тізімдемесі).
    • Басқарылатын құрылғыларда табылған жабдық туралы ақпарат (Жабдық тізімдемесі).
    • Басқарылатын құрылғыларда анықталған үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасының осалдықтары туралы деректер.
    • Басқарылатын құрылғыларда орнатылған үшінші тарап бағдарламалары үшін қолжетімді жаңарту туралы деректер.
    • WSUS функциясы тапқан Microsoft жаңартулары туралы деректер.
    • Құрылғыға орнатылуы тиісті WSUS функциясы тапқан Microsoft жаңартуларының тізімі.
  • Басқарылатын құрылғылардағы үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды түзету үшін жаңартуларды оқшауланған Басқару серверіне жүктеу үшін қажетті деректер. Пайдаланушы Басқару серверінің klscflag утилитасын пайдаланып, деректерді енгізеді және жібереді.
  • Kaspersky Security Center бағдарламасының бұлтты ортамен (Amazon Web Services, Microsoft Azure, Google Cloud, Yandex Cloud) жұмыс істеуі үшін қажетті деректер. Пайдаланушы деректерді Басқару консольдеріне Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Реттелмелі бағдарламалар санаттары. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Бағдарламаны басқару функциясы арқылы басқарылатын құрылғыларда анықталған орындалатын файлдар туралы деректер. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Сақтық көшірмелеуге орналастырылған файлдар туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Карантинге орналастырылған файлдар туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Егжей-тегжейлі талдау үшін "Лаборатория Касперского" мамандары сұраған файлдар туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Аномалияларды бейімделумен басқару ережелерінің күйі және іске қосылуы туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Басқарылатын құрылғыға орнатылған немесе қосылған және Құрылғыны басқару функциясы анықтаған сыртқы құрылғылар (жад құрылғылары, ақпаратты беру құралдары, ақпаратты қатты көшірмеге айналдыру құралдары, қосылым шиналары) туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Шифрленген құрылғыларды шифрлау және шифрлау күйі туралы ақпарат. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының деректерін шифрлау функциясы орындайтын құрылғылардағы деректерді шифрлау қателері туралы деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Басқарылатын бағдарламаланатын логикалық контроллерлер (БЛК) тізімі. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Қауіптердің даму тізбегін жасауға арналған деректер. Басқарылатын бағдарлама деректерді құрылғыдан Басқару серверіне Желілік агент арқылы жібереді. Деректердің толық тізімі тиісті бағдарламаның анықтамасында келтірілген.
  • Kaspersky Security Center бағдарламасын Kaspersky Managed Detection and Response қызметімен біріктіруге қажетті деректер (Kaspersky Security Center Web Console үшін арнайы плагин орнатылуы тиіс): біріктіруді бастау токені, біріктіру токені және пайдаланушы сеансы токені. Пайдаланушы біріктіруді бастау токені арқылы Kaspersky Security Center Web Console интерфейсіне кіреді. Kaspersky MDR қызметі арнайы плагин арқылы біріктіру токенін және пайдаланушы сеансы токенін береді.
  • Енгізілген белсендіру кодтары немесе көрсетілген кілт файлдары туралы толық ақпарат. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Пайдаланушылардың есептік жазбалары: атауы, сипаттамасы, толық атауы, электрондық пошта мекенжайы, негізгі телефон нөмірі, құпиясөзі, Басқару сервері жасаған құпия кілті және екі қадамдық тексеру үшін бір реттік құпиясөз. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Есептік деректер және қатынасу диспетчеріне Kaspersky Security Center бағдарламасымен біріктірілген "Лаборатория Касперского" бағдарламалары арасында бірыңғай кіруді (SSO) қамтамасыз ету үшін және орталықтандырылған түпнұсқалық растама үшін қажетті деректер: Есептік деректер және қатынасу диспетчерін орнату және конфигурациялау параметрлері, Есептік деректер және қатынасу диспетчері токендері, клиент бағдарламалары күйлері және ресурс серверлері күйлері. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Басқару нысандарының тексерістер журналы. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Жойылған басқару нысандары тізімдемесі. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Файлдан жасалған орнату пакеттері және орнату параметрлері. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • "Лаборатория Касперского" хабарландыруларын Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде көрсетуге қажетті деректер. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде басқарылатын бағдарлама плагиндерінің жұмыс істеуі үшін қажетті және күнделікті жұмыс барысында Басқару сервері дерекқорында плагиндер сақтайтын деректер. Сипаттама және деректерді беру тәсілдері тиісті бағдарламаның анықтама файлдарында келтірілген.
  • Kaspersky Security Center Web Console пайдаланушы конфигурациялары: локализация тілі және пайдаланушы интерфейсі тақырыбы, бақылау тақтасын көрсету конфигурациялары, нотификациялар күйі туралы ақпарат (оқылған/оқылмаған), кестелердегі бағандардың күйі (жасыру/көрсету), оқу режимінің өту барысы. Пайдаланушы деректерді Kaspersky Security Center Web Console интерфейсінде енгізеді.
  • Kaspersky Security Center құрамдастары мен "Лаборатория Касперского" басқарылатын құрылғыларына арналған Kaspersky Event журналы. Kaspersky Event Log оқиғалар журналы құрылғыда сақталады және Басқару серверіне ешқашан берілмейді.
  • Басқарылатын құрылғыларды Kaspersky Security Center құрамдастарына қауіпсіз қосу сертификаты. Пайдаланушы деректерді Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізеді.
  • Kaspersky Security Center бағдарламасының Amazon Web Services (AWS), Microsoft Azure, Google Cloud және Yandex.Cloud сияқты бұлтты орталарда жұмыс істеуі үшін қажетті деректер. Басқару сервері деректерді іске қосылып тұрған виртуалды машинадан алады.
  • Пайдаланушының "Лаборатория Касперского" ұйымымен жасалған заңды келісімдерді қабылдауы туралы ақпарат.
  • Пайдаланушы келесі құрамдастарға енгізетін Басқару сервері деректері:
    • Басқару консолі
    • Kaspersky Security Center Web Console.
    • klscflag утилитасын қолдану кезінде пәрмен жолы терминалы
    • klakaut және OpenAPI Kaspersky Security Center автоматтандыру нысандары арқылы Басқару серверімен өзара әрекеттесетін құрамдастар
  • Пайдаланушы Басқару консолі интерфейсіне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне енгізетін кез келген деректер.

Жоғарыда атап көрсетілген деректер Kaspersky Security Center бағдарламасына келесі тәсілдермен кіруі мүмкін:

  • Пайдаланушы деректерді келесі құрамдастардың интерфейсіне енгізеді:
    • Басқару консолі
    • Kaspersky Security Center Web Console.
    • klscflag утилитасын қолдану кезінде пәрмен жолы терминалы
    • klakaut және OpenAPI Kaspersky Security Center автоматтандыру нысандары арқылы Басқару серверімен өзара әрекеттесетін құрамдастар
  • Желілік агент құрылғыдан деректерді өз бетінше алады және Басқару серверіне жібереді.
  • Желілік агент "Лаборатория Касперского" бағдарламасы арқылы жиналған деректерді алады және Басқару серверіне жібереді. "Лаборатория Касперского" басқарылатын бағдарламалары өңдейтін деректер тізбесі тиісті бағдарламалардың анықтамаларында келтірілген.
  • Басқару сервері желілік құрылғылар туралы ақпаратты өз бетінше алады немесе оны тарату нүктесі ретінде әрекет ететін желілік агент жібереді.
  • Деректер ұялы құрылғыдан Басқару серверіне Exchange ActiveSync протоколы немесе iOS MDM протоколы арқылы беріледі.

Атап көрсетілген деректер Басқару сервері дерекқорында сақталады. Пайдаланушы аттары және құпиясөздер шифрланған түрде сақталады.

Жоғарыда аталған барлық деректерді "Лаборатория Касперского" бағдарламасына тек Kaspersky Security Center құрамдастарының қоқыс файлдары, трассалау файлдары немесе журнал файлдары, соның ішінде инсталляторлар мен утилиталар жасайтын журналдар файлдары арқылы беруге болады.

Kaspersky Security Center құрамдастарының қоқыс файлдары, трассалау файлдары және журнал файлдары Басқару серверінің, Желілік агенттің, Басқару консолінің, iOS MDM серверінің, Exchange ActiveSync ұялы құрылғылар серверінің, Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінің кездейсоқ деректерін қамтиды. Бұл файлдарда дербес және құпия деректер болуы мүмкін. Қоқыс файлдары, трассалау файлдары және журнал файлдары құрылғыда ашық түрде сақталады. Қоқыс файлдары, трассалау файлдары және журнал файлдары "Лаборатория Касперского" бағдарламасына автоматты түрде берілмейді, алайда, әкімші осы деректерді "Лаборатория Касперского" бағдарламасына Техникалық қолдау қызметінің сұрауы бойынша Kaspersky Security Center жұмысындағы мәселелерді шешу үшін қолмен жібере алады.

Сілтемелер арқылы Басқару консоліне немесе Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне өту арқылы, Пайдаланушы келесі деректерді автоматты түрде жіберуге келіседі:

  • Kaspersky Security Center коды;
  • Kaspersky Security Center нұсқасы;
  • Kaspersky Security Center локализациясы;
  • лицензия идентификаторы;
  • лицензия түрі;
  • серіктес арқылы лицензияны сатып алу белгісі.

Әрбір сілтеме бойынша ұсынылатын деректер тізімі сілтеменің мақсаты мен орналасқан жеріне байланысты.

"Лаборатория Касперского" алынған деректерді жасырын түрде және тек жалпы статистика мақсатында пайдаланады. Жиынтық статистика алынған бастапқы ақпараттан автоматты түрде қалыптастырылады және қандай да бір дербес немесе өзге де құпия деректерді қамтымайды. Жаңа деректер жинақталған кезде алдыңғы деректер жойылады (жылына бір рет). Жиынтық статистика шектелмеген уақыт бойы сақталады.

"Лаборатория Касперского" барлық алынған деректерді заңнамаға және "Лаборатория Касперского" қолданыстағы ережелеріне сәйкес қорғауды қамтамасыз етеді. Деректер қауіпсіз байланыс арналары бойынша беріледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.