Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін Басқару серверіне қосу параметрлерін конфигурациялау

2024 ж. 29 наурыз

ID 176084

Басқару серверіне қосылу порттарын белгілеу үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Қосылу порттары бөлімін таңдаңыз.

Таңдалған Басқару серверіне қосылудың негізгі параметрлері көрсетіледі.

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі Басқару серверіне TCP 13299 SSL-порты арқылы қосылған. Дәл осы портты klakaut автоматтандыру нысандары қолдануы мүмкін.

TCP 14000 порты Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін, тарату нүктелерін, қосалқы Басқару серверлерін және klakaut утилитасының автоматтандыру нысандарын қосу, сондай-ақ клиент құрылғыларынан деректер алу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Әдетте, TCP 13000 SSL портын тек Желілік агент, қосалқы Сервер және демилитаризацияланған аймақта орналасқан басты Басқару сервері ғана қолдана алады. Кейбір жағдайларда Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін 13000 SSL-порты арқылы қосу қажет болуы мүмкін:

  • Kaspersky Security Center Web Console үшін де, басқа белсенділіктер үшін де бірдей SSL портын қолданған жөн болса (клиент құрылғыларынан деректерді алу, тарату нүктелерін қосу, қосалқы Басқару серверлерін қосу үшін);
  • егер klakaut утилитасын автоматтандыру нысаны Басқару серверіне тікелей емес, демилитаризацияланған аймақта орналасқан тарату нүктесі арқылы қосылса.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.