Бақылау және есеп беру

2024 ж. 29 наурыз

ID 179074

Бұл бөлімде, Kaspersky Security Center бағдарламасында есептермен жұмыс істеу және мониторинг жүргізу функциялары сипатталған. Бұл функциялар желіңіздің инфрақұрылымы, қорғаныс күйі, сондай-ақ статистика туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Kaspersky Security Center бағдарламасын орналастыру немесе оның жұмыс істеуі барысында мониторинг функцияларын және есеп параметрлерін конфигурациялауға болады.

  • Индикаторлар

    Басқару консолінде Kaspersky Security Center және басқарылатын құрылғылардың ағымдағы күйін түс индикаторлары арқылы жылдам бағалауға болады.

  • Статистика

    Қорғаныс жүйесінің және басқарылатын құрылғылардың күйі туралы статистикалық ақпарат конфигурацияланатын ақпараттық тақталар түрінде көрсетіледі.

  • Есептер

    Есептер бұл ақпаратты файлға сақтау, электрондық пошта арқылы жіберу және басып шығару үшін ұйымыңыздың желісінің қауіпсіздігі туралы толық сандық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

  • Оқиғалар

    Оқиғаларды таңдау, экранда Басқару серверінің дерекқорынан таңдалған аталған оқиғалар жиынтығын көруге арналған. Осы оқиға түрлері келесі санаттар бойынша топтастырылған:

    • Маңыздылық деңгейі: Критикалық оқиғалар, Функциялық ақаулар, Ескертулер және Ақпараттық оқиғалар.
    • Уақыт: Соңғы оқиғалар.
    • Түрі: Пайдаланушылардың сұраулары және Аудит оқиғалары.

Kaspersky Security Center Web Console интерфейсінде конфигурациялауға қолжетімді параметрлер негізінде пайдаланушы тарапынан айқындалған оқиғалар таңдауын жасай аласыз және көре аласыз.

Бұл бөлімде:

Сценарий: Бақылау және есеп беру

Басқару консолінде түс индикаторлары мен тіркелген оқиғаларды мониторингтеу

Есептер, статистика және хабарландырулармен жұмыс

Бағдарламаларды орнату және жою мониторингі

Kaspersky Security Center құрамдастарының оқиғалары

Жиі болатын оқиғаларды бұғаттау

Виртуалды машиналардың күйінің өзгеруін бақылау

Жүйелік тізімдемедегі ақпарат арқылы антивирустық қорғаныс күйін бақылау

Құрылғы белсенді емес кезде әрекеттерді қарау және конфигурациялау

"Лаборатория Касперского" хабарландыруларын өшіру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.