Қолданылатын лицензиялық кілттер туралы ақпаратты қарап шығу

2024 ж. 29 наурыз

ID 180055

Басқару сервері қоймасына қосылған лицензиялық кілттердің тізімін көру үшін:

Бағдарламаның негізгі терезесінде ОперацияларЛицензиялау«Лаборатория Касперского» лицензиялары бөліміне өтіңіз.

Басқару сервері қоймасына қосылған кілт файлдары мен белсендіру кодтарының тізімі көрсетіледі.

Лицензиялық кілт туралы толық ақпаратты көру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ОперацияларЛицензиялау«Лаборатория Касперского» лицензиялары бөліміне өтіңіз.
  2. Қажетті лицензиялық кілттің атын басыңыз.

Ашылған лицензиялық кілттің сипаттары терезесінде сіз келесіні көре аласыз:

  • Жалпы қойыншасында – лицензиялық кілт туралы негізгі ақпарат.
  • Құрылғылар қойыншасында – орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламасын белсендіру үшін лицензиялық кілт қолданылған клиент құрылғыларының тізімі.

Таңдалған клиент құрылғысында қандай лицензиялық кілттердің жиі кездесетінін көру үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларБасқарылатын құрылғылар бөліміне өтіңіз.
  2. Қажетті құрылғының атауын басыңыз.
  3. Ашылған құрылғы сипаттары терезесінде Бағдарламалар қойыншасын таңдаңыз.
  4. Таратылған лицензиялық кілт туралы ақпаратты көргіңіз келетін бағдарламаның атауын басыңыз.
  5. Ашылған бағдарлама сипаттары терезесінде Жалпы қойыншасына өтіп, Лицензия бөлімін ашыңыз.

Белсенді және сақтық лицензиялық кілттер туралы негізгі ақпарат көрсетіледі.

Виртуалды Басқару серверінің лицензиялық кілттерінің өзекті параметрлерін анықтау үшін Басқару сервері тәулігіне бір реттен сиретпей "Лаборатория Касперского" белсендіру серверлеріне сұрау жібереді. Жүйелік DNS арқылы серверлерге қатынасу мүмкін болмаса, бағдарлама жалпыға ортақ DNS серверлерін пайдаланады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқарылатын бағдарламаларды лицензиялау

Лицензиялық кілтті Басқару серверінің қоймасына қосу

Лицензиялық кілтті клиент құрылғыларына тарату

Лицензиялық кілтті автоматты түрде тарату

Лицензиялық кілтті қоймадан жою

Лицензиялық келісімге берілген келісімді кері қайтарып алу

"Лаборатория Касперского" бағдарламалары лицензиясының әрекет ету мерзімін ұзарту

Бизнес шешімдерін таңдау үшін Kaspersky Marketplace пайдалану

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.