Басқару тобы үшін тарату нүктелерінің тізімін өзгерту

2024 ж. 29 наурыз

ID 181540

Сіз белгілі бір басқару тобына тағайындалған тарату нүктелерінің тізімін көре аласыз және тарату нүктелерін қосу немесе жою арқылы тізімді өзгерте аласыз.

Басқару тобы үшін тарату нүктелерінің тізімін қарау және өзгерту үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Басқарылатын құрылғылар бөліміне өтіңіз.
  2. Басқарылатын құрылғылар тізімінің үстіндегі Ағымдағы жол өрісінде сілтеме бойынша өтіңіз.
  3. Сол жағында ашылған панельде тағайындалған тарату нүктелерін көргіңіз келетін басқару тобын таңдаңыз.

    Ол үшін Тарату нүктелері мәзір тармағын пайдаланыңыз.

  4. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Тарату нүктелері бөліміне өтіңіз.
  5. Басқару тобына тарату нүктелерін қосу үшін, басқарылатын құрылғылар тізімінің үстіндегі Белгілеу түймесін басыңыз және ашылатын панельде құрылғыларды таңдаңыз.
  6. Тағайындалған тарату нүктелерін жою үшін тізімнен құрылғыларды таңдап, Белгілеуден бас тарту түймені басыңыз.

Өзгерістерге байланысты, тарату нүктелері тізімге қосылады немесе қолданыстағы тарату нүктелері тізімнен жойылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.