Үшінші тарап бағдарламаларының жаңартулары туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 183832

Kaspersky Security Center бағдарламасы басқарылатын құрылғыларға орнатылған үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасының жаңартуларын басқаруға, сондай-ақ қажетті жаңартуларды орнату арқылы Microsoft бағдарламалары мен басқа да бағдарламалық жасақтама өндірушілері бағдарламаларында осалдықтарды түзетуге мүмкіндік береді.

Kaspersky Security Center бағдарламасы жаңартуларды Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасы көмегімен іздейді. Бұл тапсырма аяқталғаннан кейін, Басқару сервері құрылғыларға орнатылған және тапсырма сипаттарында көрсетілген үшінші тарап бағдарламалары үшін қажетті жаңартулар мен табылған осалдықтар тізімдерін алады. Қолжетімді жаңартулар туралы ақпаратты көргеннен кейін, жаңартуларды құрылғыларға орнатуға болады.

Kaspersky Security Center кейбір бағдарламаларын жаңарту, бағдарламаның алдыңғы нұсқасын жою және жаңа нұсқасын орнату арқылы орындалады.

Пайдаланушының араласуы үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту кезінде немесе басқарылатын құрылғыдағы үшінші тарап бағдарламаларында осалдықтарды түзету кезінде қажет болуы мүмкін. Мысалы, пайдаланушыдан үшінші тарап бағдарламасын жабу сұралуы мүмкін.

Қауіпсіздік мақсатында, Осалдықтар мен патчтарды басқару арқылы орнатқан кез келген үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы жаңартулары "Лаборатория Касперского" технологиялары арқылы зиянды БҚ-дың бар-жоғы тұрғысынан автоматты түрде тексеріледі. Бұл технологиялар файлдарды автоматты түрде тексеру үшін қолданылады және антивирустық тексеруді, статикалық талдауды, динамикалық талдауды, "құмсалғыштың" жүріс-тұрысын талдауды және машиналық оқытуды қамтиды.

"Лаборатория Касперского" мамандары Осалдықтар мен патчтарды басқару арқылы орнатуға болатын үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасы жаңартуларын қолмен талдамайды. Сонымен қатар "Лаборатория Касперского" мамандары мұндай жаңартулардағы осалдықтарды (белгілі немесе белгісіз) немесе құжатталмаған мүмкіндіктерді іздеумен айналыспайды және жоғарыда аталған талдаудың басқа түрлерін жүргізбейді.

Үшінші тарап бағдарламаларының жаңартуларын орнатуға арналған тапсырмалар

Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту метадеректері қоймаға жүктелген кезде, сіз келесі тапсырмаларды орындау арқылы клиент құрылғыларына жаңартуларды орната аласыз:

  • Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасы.

    Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасы Windows Update жаңартулары қызметі ұсынатын жаңартуларды және басқа өндірушілердің бағдарламаларын қоса алғанда, Microsoft бағдарламаларына арналған жаңартуларды орнату үшін қолданылады. Назар аударыңыз, Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензияңыз болса ғана осы тапсырманы жасауға болады.

    Бұл тапсырма аяқталғаннан кейін, жаңартулар басқарылатын құрылғыларға автоматты түрде орнатылады. Жаңа жаңартулардың метадеректерін Басқару сервері қоймасына жүктеу кезінде, Kaspersky Security Center бағдарламасы жаңартулардың жаңарту ережелерінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келетіндігін тексереді. Критерийлерге сәйкес келетін барлық жаңа жаңартулар келесі тапсырма басталған кезде автоматты түрде жүктеледі және орнатылады.

  • Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасы.

    Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасы лицензияны қажет етпейді, бірақ оны Windows Update жаңартуларын орнату үшін ғана қолдануға болады.

    Бұл тапсырма аяқталғаннан кейін, тек тапсырманың сипаттарында көрсетілген жаңартулар орнатылады. Кейінірек, Басқару сервері қоймасына жүктелген жаңа жаңартуларды орнатқыңыз келсе, қолданыстағы тапсырманың жаңарту тізіміне қажетті жаңартуларды қосу немесе Windows Update жаңартуларын орнату тапсырмасын жасау қажет болады.

Басқару серверін WSUS сервері ретінде пайдалану

Қолжетімді Microsoft Windows жаңартулары туралы ақпарат Windows Update орталығынан беріледі. Басқару серверін Windows Update (WSUS) сервері ретінде пайдалануға болады. Басқару серверін WSUS сервері ретінде қолдану үшін, сіз Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын жасап, Желілік агент саясатында Басқару серверін WSUS сервері ретінде пайдалану параметрін таңдауыңыз керек. Деректерді Windows Update орталығымен синхрондауды конфигурациялағаннан кейін, Басқару сервері құрылғылардағы Windows Update қызметтеріне жаңартуларды белгіленген жиілікпен орталықтан ұсынады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту

Үшінші тарап бағдарламалары туралы

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.