Басқару консолі интерфейсінің параметрлері

2024 ж. 29 наурыз

ID 184037

Басқару консолі интерфейсінің параметрлерін келесі функцияларға қатысты пайдаланушы интерфейсінің басқару элементтерін көрсету немесе жасыру үшін конфигурациялауға болады:

  • Осалдықтар мен патчтарды басқару.
  • Деректерді шифрлау және қорғау.
  • Соңғы нүктелерді басқару параметрлері.
  • Ұялы құрылғыларды басқару.
  • Қосалқы Басқару серверлері.
  • Қауіпсіздік параметрлері бар бөлімдер.

Басқару консолі интерфейсінің параметрлерін конфигурациялау үшін:

  1. Консоль ағашында қажетті Басқару серверін таңдаңыз.
  2. Бағдарламаның басты терезесінің Көру мәзірінде Интерфейсті конфигурациялау тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылған Интерфейсті конфигурациялау терезесінде, көрсетілуі тиісті функционалдылықтың жанына жалаушаны қойып, OK түймесін басыңыз.
  4. Бағдарлама хабары бар терезеде OK түймесін басыңыз.

Таңдалған функционалдылық Басқару консолі интерфейсінде көрсетіледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.