Клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қашықтан қосылу

2024 ж. 29 наурыз

ID 195218

Әкімші құрылғыда орнатылған Желілік агент арқылы клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қашықтан қатынаса алады. Желілік агентті пайдаланып клиент құрылғысына қашықтан қосылу, клиент құрылғысының TCP және UDP порттары қатынасу үшін жабық болған жағдайда да мүмкін болады.

Құрылғыға қосылғаннан кейін, әкімші осы құрылғыдағы ақпаратқа толық қатынас алады және онда орнатылған бағдарламаларды басқара алады.

Қашықтан қосылу, мақсатты басқарылатын құрылғының операциялық жүйесінің параметрлерінде рұқсат етілуі тиіс. Мысалы, Windows 10 жүйесінде бұл параметр Қашықтағы көмекшіні осы компьютерге қосуға рұқсат беру деп аталады (оны Басқару тақтасыЖүйе және қауіпсіздікЖүйеҚашықтан қатынасуды конфигурациялау тармағынан табуға болады). Осалдықтар мен патчтарды басқаруға лицензияңыз болса, басқарылатын құрылғымен қосылым орнатылған кезде осы параметрді мәжбүрлеп қоса аласыз. Лицензияңыз болмаса, осы параметрді мақсатты басқарылатын құрылғыда жергілікті түрде қосыңыз. Осы параметр өшірулі болса, қашықтан қосылу мүмкін емес.

Құрылғымен қашықтан қосылым орнату үшін сізде екі утилита болуы тиіс:

  • "Лаборатория Касперского" klsctunnel утилитасы. Бұл утилита әкімшінің жұмыс станциясында сақталуы тиіс. Сіз осы утилитаны, клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасында байланысты туннельдеу үшін қолданасыз.

    Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару консолінен TCP қосылымдарын Басқару сервері арқылы және одан әрі Желілік агент арқылы басқарылатын құрылғыдағы белгіленген портқа туннельдеуге мүмкіндік береді. Туннельдеу, егер Басқару консолі бар құрылғыны құрылғыға тікелей қосу мүмкін болмаса, Басқару консолі орнатылған құрылғыдағы клиент қолданбасын басқарылатын құрылғыдағы TCP портына қосу үшін қолданылады.

    Қашықтағы клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасындағы байланысты туннельдеу, құрылғыда Басқару серверіне қосылуға арналған порт қолжетімді болмаған кезде қажет. Құрылғыдағы порт келесі жағдайларда қолжетімді болмауы мүмкін:

    • Қашықтағы құрылғы NAT механизмі қолданылатын жергілікті желіге қосылған.
    • Қашықтағы құрылғы Басқару серверінің жергілікті желісіне кіреді, бірақ оның порты желілік экранмен жабылған.
  • Microsoft Windows "Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу орындалуда" стандартты құрамдасы. Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу Windows mstsc.exe штаттық утилитасы арқылы, осы утилитаның жұмыс параметрлеріне сай орындалады.

    Пайдаланушының қашықтағы жұмыс үстелінің қолданыстағы сеансына қосылу, пайдаланушыны хабарландырусыз жүзеге асырылады. Әкімшіні сеансқа қосқаннан кейін, құрылғының пайдаланушысы сеанстан алдын ала хабарландырусыз өшіріледі.

Клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қашықтан қосылу үшін:

  1. MMC негізіндегі Басқару консолінде, Басқару сервері саясатының контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  2. Ашылған Басқару сервері сипаттары терезесінде Басқару серверіне қосылу параметрлері → Қосылу порттары бөліміне өтіңіз.
  3. Kaspersky Security Center Web Console үшін RDP портын ашу параметрі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
  4. Kaspersky Security Center Web Console серверінде ҚұрылғыларБасқарылатын құрылғылар бөліміне өтіңіз.
  5. Басқарылатын құрылғылар тізімінің үстіндегі Ағымдағы жол өрісінде сілтеме бойынша өтіңіз.
  6. Сол жақта ашылған панельде қол жеткізгіңіз келетін құрылғыны қамтитын басқару тобын таңдаңыз.
  7. Қатынас алғыңыз келетін құрылғыға қарама-қарсы жалауша қойыңыз.
  8. Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу түймесін басыңыз.

    Қашықтағы жұмыс үстелі (тек Windows) терезесі ашылады.

  9. Басқарылатын құрылғыда қашықтағы жұмыс үстеліне қосылуға рұқсат ету параметрін қосыңыз. Бұл жағдайда, қашықтан қосылуға қазіргі уақытта басқарылатын құрылғыдағы операциялық жүйенің параметрлерінде тыйым салынған болса да, байланыс орнатылады.

    Бұл параметр тек Осалдықтар мен патчтарды басқару лицензиясы болған жағдайда ғана қолжетімді.

  10. klsctunnel утилитасын жүктеу үшін Жүктеп алу түймесін басыңыз.
  11. Мәтіндік өрістен мәтінді көшіріп алу үшін Аралық сақтағышқа көшіру түймесін басыңыз. Бұл мәтін, Басқару сервері мен басқарылатын құрылғы арасында байланыс орнатуға қажетті параметрлерді қамтитын екілік деректер нысаны (BLOB) болып табылады.

    BLOB нысаны 3 минут бойы жарамды. Оның мерзімі өтіп кетсе, жаңа үлкен екілік нысан жасау үшін Қашықтағы жұмыс үстелі (тек Windows) терезесін қайта ашыңыз.

  12. klsctunnel утилитасын іске қосыңыз.

    Утилита терезесі ашылады.

  13. Көшіріп алынған мәтінді мәтіндік өріске салыңыз.
  14. Прокси-серверді қолдансаңыз, Прокси-серверді пайдалану жалаушасын орнатыңыз, содан соң прокси-серверге қосылу параметрлерін көрсетіңіз.
  15. Портты ашу түймесін басыңыз.

    Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу жүйесіне кіру терезесі ашылады.

  16. Kaspersky Security Center Web Console веб-консоліне қазір кіріп жатқан есептік жазбаның есептік деректерін көрсетіңіз.
  17. Қосылу түймесін басыңыз.

Клиент құрылғысына қосылғаннан кейін, клиент құрылғысының жұмыс үстелі Microsoft Windows қашықтан қосылу терезесінде қолжетімді.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.