Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде бұлтты ортаны конфигурациялау
Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінде бұлтты ортаны конфигурациялау
Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін пайдаланып Kaspersky Security Center конфигурациялау үшін сізге мыналар қажет:
- Бұлтты орта үшін есептік деректерді көрсетіңіз:
- Бұлттық сегментте сауалнама өткізу құқығы ұсынылған IAM рөлі немесе бұлттық сегментте сауалнама өткізу құқығы ұсынылған IAM пайдаланушысының есептік жазбасы (Amazon Web Services қызметімен жұмыс істеу үшін);
- Azure бағдарламасының идентификаторы, құпиясөз және жазылым (Microsoft Azure-мен жұмыс істеу үшін);
- Google клиентінің электрондық поштасы, жобаның идентификаторы және жабық кілт (Google Cloud-пен жұмыс істеу үшін).
- Орнату пакеттері:
- Windows үшін Желілік агент;
- Linux үшін Желілік агент;
- Kaspersky Endpoint Security for Linux.
- Kaspersky Endpoint Security for Linux веб-плагині
- Кемінде келесілердің бірі:
- Kaspersky Endpoint Security for Windows орнату пакеті және веб-плагині (ұсынылады);
- Kaspersky Security for Windows Server орнату пакеті және веб-плагині.
Kaspersky Security Center бағдарламасын дайын AMI кескінінен орналастырып жатсаңыз, Басқару серверіне Басқару консолі арқылы алғаш қосылған кезде бұлтты ортаны конфигурациялау шебері автоматты түрде іске қосылады. Сондай-ақ, шеберді кез келген уақытта қолмен іске қоса аласыз.
Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін қолмен іске қосу үшін,
Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыру → Орналастыру және тағайындау → Бұлт ортасын конфигурациялау бөліміне өтіңіз.
Бұлтты ортаны конфигурациялау шебері іске қосылады.
Бұлтты ортаны конфигурациялау уақыты шамамен 15 минут.
Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.