Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қосылымдарды қосу
Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қосылымды қолжетімділер тізіміне қосу үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыру → Табу → Бұлт бөліміне өтіңіз.
- Пайда болған терезеде Сипаттар түймесін басыңыз.
- Пайда болған Параметрлер терезесінде Қосу түймесін басыңыз.
Бұлттық сегмент параметрлері терезесі ашылады.
- Алдағыда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу мақсатымен қолданылатын қосылым үшін бұлтты орта атауын көрсетіңіз:
- Сіз көрсеткен бұлтты ортада түпнұсқалық растама алу үшін есептік деректеріңізді енгізіңіз.
- Егер сіз AWS таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- AWS IAM рөлін пайдалану
- AWS IAM пайдаланушы есептік жазбасының деректемелері
Сізде AWS IAM пайдаланушы есептік жазбасының деректемелері бар деп көрсетсеңіз, келесіні көрсетіңіз:
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
- Егер сіз Azure таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- Azure бағдарламасының идентификаторы
- Azure жазылым идентификаторы
- Azure бағдарлама құпиясөзі
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
- Azure сақтау тіркелгісінің атауы
- Azure сақтау орнының қатынас кілті
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
Егер сіз Google Cloud таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- Клиенттің электрондық пошта мекенжайы
- Жоба идентификаторы
- Жеке кілт
Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.
- Егер сіз AWS таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:
- Әдепкі бойынша параметрлерді өзгерту үшін Сауалнама кестесін орнату түймесін басыңыз.
Қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады.
Жаңа бұлттық сегментте бірінші сауалнама өткізгеннен кейін, Басқарылатын құрылғылар\Cloud басқару тобында осы сегментке сай келетін ішкі топ пайда болады.
Дұрыс емес есептік деректерді көрсеткен болсаңыз, онда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кезінде даналар табылмайды, ал жаңа ішкі топ басқару Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобында көрсетілмейді.