Windows компьютерлік бөлісу қызметі арқылы құрылғыларға қосылу

2024 ж. 29 наурыз

ID 198907

Әкімші құрылғыда орнатылған Желілік агент арқылы клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қашықтан қатынаса алады. Желілік агентті пайдаланып клиент құрылғысына қашықтан қосылу, клиент құрылғысының TCP және UDP порттары қатынасу үшін жабық болған жағдайда да мүмкін болады.

Әкімші клиент құрылғысында қолданылатын сеансқа, сол сеанста жұмыс істейтін пайдаланушыны ажыратпай, қосыла алады. Бұл жағдайда, құрылғыдағы әкімші мен сеанс пайдаланушысы жұмыс үстеліне ортақ қол жеткізе алады.

Құрылғымен қашықтан қосылым орнату үшін сізде екі утилита болуы тиіс:

  • "Лаборатория Касперского" klsctunnel утилитасы. Бұл утилита әкімшінің жұмыс станциясында сақталуы тиіс. Сіз осы утилитаны, клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасында байланысты туннельдеу үшін қолданасыз.

    Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару консолінен TCP қосылымдарын Басқару сервері арқылы және одан әрі Желілік агент арқылы басқарылатын құрылғыдағы белгіленген портқа туннельдеуге мүмкіндік береді. Туннельдеу, егер Басқару консолі бар құрылғыны құрылғыға тікелей қосу мүмкін болмаса, Басқару консолі орнатылған құрылғыдағы клиент қолданбасын басқарылатын құрылғыдағы TCP портына қосу үшін қолданылады.

    Қашықтағы клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасындағы байланысты туннельдеу, құрылғыда Басқару серверіне қосылуға арналған порт қолжетімді болмаған кезде қажет. Құрылғыдағы порт келесі жағдайларда қолжетімді болмауы мүмкін:

    • Қашықтағы құрылғы NAT механизмі қолданылатын жергілікті желіге қосылған.
    • Қашықтағы құрылғы Басқару серверінің жергілікті желісіне кіреді, бірақ оның порты желілік экранмен жабылған.
  • Windows жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану. Қолданыстағы қашықтағы жұмыс үстелі сеансына қосылған кезде, құрылғыдағы осы сеанстың пайдаланушысы әкімшіден қосылуға сұрау алады. Құрылғымен қашықтан жұмыс істеу процесі және осы жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат Kaspersky Security Center есептерінде сақталмайды.

    Әкімші қашықтағы клиент құрылғысында әрекеттер аудитін конфигурациялай алады. Аудит барысында, бағдарлама әкімші ашқан және/немесе өзгерткен клиент құрылғысындағы файлдар туралы ақпаратты сақтайды.

Windows жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану арқылы клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қосылу үшін келесі шарттар орындалуы керек:

  • Әкімшінің жұмыс станциясында Microsoft Windows Vista операциялық жүйесі немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған. Басқару сервері орнатылған құрылғының операциялық жүйесінің түрі Windows компьютерлік бөлісу қызметі арқылы қосылуға шектеу емес.

    Windows нұсқаңызда Windows Жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану функциясы қосылғанын тексеру үшін Windows тізімдемесінде CLSID\{32BE5ED2-5C86-480F-A914-0FF8885A1B3F} қосулы екеніне көз жеткізіңіз.

  • Клиент құрылғысында Microsoft Windows Vista операциялық жүйесі немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған.
  • Kaspersky Security Center бағдарламасы Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензияны қолданады.

Windows жұмыс үстелін бірлесіп пайдалану арқылы клиент құрылғысының Windows жұмыс үстеліне қосылу үшін:

  1. MMC негізіндегі Басқару консолінде, Басқару сервері саясатының контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
  2. Ашылған Басқару сервері сипаттары терезесінде Басқару серверіне қосылу параметрлері → Қосылу порттары бөліміне өтіңіз.
  3. Kaspersky Security Center Web Console үшін RDP портын ашу параметрі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
  4. Kaspersky Security Center Web Console серверінде ҚұрылғыларБасқарылатын құрылғылар бөліміне өтіңіз.
  5. Басқарылатын құрылғылар тізімінің үстіндегі Ағымдағы жол өрісінде сілтеме бойынша өтіңіз.
  6. Сол жақта ашылған панельде қол жеткізгіңіз келетін құрылғыны қамтитын басқару тобын таңдаңыз.
  7. Қатынас алғыңыз келетін құрылғыға қарама-қарсы жалауша қойыңыз.
  8. Windows компьютерлік бөлісу қызметін пайдалану түймесін басыңыз.

    Windows компьютерлік бөлісу қызметін пайдалану шебері ашылады.

  9. klsctunnel утилитасын жүктеп алу үшін Жүктеп алу түймесін басыңыз және жүктеп алу процесінің аяқталуын күтіңіз.

    Сізде klsctunnel утилитасы бұрыннан бар болса, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз.

  10. Келесі түймесін басыңыз.
  11. Қосылғыңыз келетін құрылғыдағы сеансты таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
  12. Ашылған терезеде мақсатты құрылғыда пайдаланушы жұмыс үстеліне ортақ қатынасу сеансына рұқсат беруі керек. Әйтпесе, сеансты бастау мүмкін емес.

    Пайдаланушы жұмыс үстеліне ортақ қатынасу сеансын растағаннан кейін, шебер келесі қадамды ашады.

  13. Мәтіндік өрістен мәтінді көшіріп алу үшін Аралық сақтағышқа көшіру түймесін басыңыз. Бұл мәтін, Басқару сервері мен басқарылатын құрылғы арасында байланыс орнатуға қажетті параметрлерді қамтитын екілік деректер нысаны (BLOB) болып табылады.

    BLOB нысаны 3 минут бойы жарамды. Егер оның әрекет ету мерзімі өтіп кетсе, BLOB нысанын жасаңыз.

  14. klsctunnel утилитасын іске қосыңыз.

    Утилита терезесі ашылады.

  15. Көшіріп алынған мәтінді мәтіндік өріске салыңыз.
  16. Прокси-серверді қолдансаңыз, Прокси-серверді пайдалану жалаушасын орнатыңыз, содан соң прокси-серверге қосылу параметрлерін көрсетіңіз.
  17. Портты ашу түймесін басыңыз.

Жұмыс үстеліне ортақ қатынасу жаңа терезеде іске қосылады. Құрылғымен өзара әрекеттескіңіз келсе, терезенің жоғарғы сол жақ бұрышындағы мәзір () белгішесін басып, Интерактивті режим тармағын таңдаңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center лицензиялау нұсқалары

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.