14-қадам. Kaspersky Security Center қызметтерін іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау

2024 ж. 29 наурыз

ID 205074

Осы құрылғыда Kaspersky Security Center қызметтері іске қосылатын есептік жазбаны таңдаңыз:

  • Есептік жазбаны автоматты түрде жасау. Kaspersky Security Center бағдарламасы осы құрылғында kladmins тобында KlScSvc жергілікті есептік жазбасын жасайды. Kaspersky Security Center қызметтері жасалған есептік жазбамен іске қосылатын болады.
  • Есептік жазбаны таңдау. Kaspersky Security Center қызметтері сіз таңдаған есептік жазбамен іске қосылатын болады.

    Сізге домендік есептік жазбаны таңдау, мысалы, басқа құрылғыда орналасқан қалтада есептерді сақтауды жоспарлап жатсаңыз немесе мұны ұйымыңыздың қауіпсіздік саясаты талап етіп жатса қажет болады. Сонымен қатар, сізге Басқару серверін істен шығуға төзімді кластерге орнату кезінде домендік есептік жазбаны таңдау қажет болуы мүмкін.

Қауіпсіздік мақсатында, қызметтер іске қосылатын есептік жазбаны артықшылықты етпеңіз.

Таңдалған есептік жазбаның астында KSN прокси-сервері (ksnproxy), "Лаборатория Касперского" белсендіру прокси-сервері (klactprx) және "Лаборатория Касперского" белсендіру порталы (klwebsrv) қызметтері іске қосылатын болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.